Атырау, 25 сәуір 12:23
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Бейнежазбаға ақша үшін түсірген бе?

4 615 просмотра

Жетім балалар тәрбиешінің қол жұмсайтындығын жария еткен бейнежазба еліміздің барлық телеарналарынан көрсетілген болатын. Естеріңізге салсақ, оның көрсетілімінен соң жақында облыстық прокуратура алқасы өз жұмысын бастады («ЖС» №46, «Жетімге жібімеген қандай жүрек?»). Осы кезде балалар үйінің директоры мұның бақылаушы орган тарапынан бұрмаланғандығы жайлы мәлімдеді.

Редакцияға «Ақ бота» балалар үйінің (прокурорлар сонда балалардан сұхбат алды) директоры Сәния МҰСИЕВА келіп, бұл бейнежазбаның жарыққа шығуындағы кейбір детальдарды әңгімелеп берді. «Бізді прокуратура, фармабақылау, санэпидемстанция, стандарттау, ТЖ, қаржы бақылау мекемелері жиі тексереді, бірақ біз мұндайды әлі көргеніміз жоқ!», - дейді ол.

Оның айтуынша, 10-қараша күні тексеру аяқталған соң, ол қарашаның 10-ынан 25-іне дейін созылған болатын, оған облыс прокурорының көмекшісі Нұржан ЖАНГЕРЕЕВ келген. Ол аса бір ескертулері жоқ тексеру қорытындысымен таныстырып, қойма бөлмесі мен топтардағы балаларды бейнетаспаға түсіру қажеттігін хабарлаған. Прокурор көмекшісі балалар үйінің ішін жарты сағат аралап шыққан соң шығып кеткен. Ал 12-қараша күні сол аты шулы алқа құрылды.

«Мен үшін біздің тәрбиеленушілер сөйлеген бейнетүсірілімнің көрсетілімінен соң алқа басталғаны тосын болды. Біреу тәрбиеші оны екілік баға алғаны үшін сабағанын, енді біреуі осыны көргенін айтады, - дейді Сәния Мұсиева. – Мен абдырап, облыс прокурорының сынына ештеңе айта алмадым. Кейін мен меңгерушімнен Жангереевтің балалармен жатын бөлмеде бөлек әңгімелескенін және онда ешкімді кіргізбегенін білдім. Келесі күні балалар үйіне балалардың құқығын қорғау департаментінің өкілі Фатима БАЙМҰХАНОВА бас сұқты. Ол Жангереевтің бөлмелерді қарап, балаларды тәрбиеші туралы жаман әңгіме айтуға көндіргенін анықтады. Түсірілімнен кейін ол балалардың біріне үш жүз теңге беріп, екіншісіне де ақша беретініне және оны кинотеатрға апаратынына уәде берген. Балалар бұл туралы өздері Баймұхановаға айтып берді. Жангереев біздің тәрбиеленушінің күнделігін тексерсе екен-ау. Ол жақсы оқиды. Осылайша прокуратура «Ақ бота» балалар үйінің атына кір келтірді, масқаралады деп санаймыз біз. Бір сөзбен айтқанда, көп жылғы еңбек өтілі бар тәжірибелі ұстаз-тәрбиешіге жала жабылды».

Осыған байланысты Мұсиева облыс прокуроры Бауыржан СМАТЛАЕВ пен еліміздің бас прокуроры Қайрат МӘМИДІҢ атына арызданған. Әзірге жауап келген жоқ. Біз де прокуратураға осы тектес бұрмалаумен және жала жабумен айналысудың қажеті қанша деген сауал жолдаған едік, әзір жауап жоқ.

Лев ГУЗИКОВ

9 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.