Атырау, 20 сәуір 15:31
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атырау қаласының бюджеті нақтыланды

3 422 просмотра

27 қыркүйекте қалалық мәслихаттың кезектен тыс 18-ші сессиясы өтті. Онда қалалық әкімдіктің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Ахмет АШИМАХУН Атырау қаласының бюджетін нақтылау туралы баяндама жасады.

Ол кейбір бюджеттік нысандарды салу мерзімін келесі жылға қалдыруға және қаржыларды үнемдеуге байланысты тендерлерде келесі бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру қысқартылғанын хабарлады: облыстық бюджеттен алынған көлік жолдарын күрделі жөндеу қаржылары - 2,9 млн теңгеге; спорт алаңдарын салуға - 8 млн теңгеге; жол салу үшін жобалау-сметалық құжаттамалар жасақтау - 0,7 млн теңгеге; «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша үйлер салу үшін ЖСҚ жасақтау - 14 млн теңгеге; тұрғын үйлер салу үшін ЖСҚ жасақтау – 60 млн теңгеге; инженерлік коммуникацияларды салу үшін ЖСҚ жасақтау - 35 млн теңгеге; Нұрсая ықшамауданында тұрғын үйлер салу үшін – 34,5 млн теңгеге; жаңа қоқыс полигонын салу үшін ЖСҚ әзірлеу - на 20 млн теңгеге; қалаға кірер ауызға сәулет құрылымын салу - 13,5 млн теңгеге; Нұрсая ықшамауданына жылу жүйелерін салу – 7,3 млн теңгеге; инженерлік коммуникациялар салу – 11,9 млн теңгеге; «Атыраубалық» АҚ балабақшасын қалпына келтіру – 112,8 млн теңгеге қысқартылған.

Бөлінген қаржылар көгалдандыруға (87 млн тенге); су құбыры жүйелерін күрделі жөндеуге (113 млн теңге); Балықшыдағы жылу жүйелері мен қазандықты күрделі жөндеуге (49 млн теңге); Нұрсая, Алмагүл ықшамаудандарындағы жылыту жүйелерін және иесіз жылу жүйелерін күрделі жөндеуге (120,5 млн теңге); әуежай тас жолындағы қорғау қондырғыларын салуға (жол кедергілері, 50 млн теңге); коммуналдық баспана салуға (300 млн теңге), оқушыларды автобустармен тасуға (8,3 млн теңге); мектеп асханалары мен әжетханаларды күрделі жөндеуге (50 млн теңге) жұмсалды.

Жылу жүйесін жөндеу шұғыл іс екені және осы үшін депутаттардың кезектен тыс сессиясын шақырғаны түсінікті жайт. Бірақ қалалық әкімдіктің экономикалық бөлімі жөндеу бригадаларына қаржылақ көмек беруді созып жіберген жоқ па?! Түн болса, тоңатын болдық.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

27 қыркүйек 2013, 18:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.