Атырау, 28 наурыз 16:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

«Қария» бозбаланың қасіреті

5 996 просмотра

«Қария-бала» Нұржан ӨРКЕШБАЕВТЫҢ тағдыры көпшілікті бей-жай қалдырмас. Ауыр науқасты бала туралы мақалалар мен бейнесюжеттер жарияланғаннан кейін, оған көпшілік көмек қолын созуға үн қосқан еді. Атап айтқанда, жергілікті билік қаладан пәтер бөліп, ал медицина шенеуніктері ол кәмелеттік жасқа толған соң пластикалық операциясын төлеуге уәде берген болатын. Енді ол бала бозбалаға айналды. Сол кезде берілген уәделер оның әлі есінде. Алайда оларды берген адамдар бұл уәделерді, өкінішке орай, ұмытып та кетті...

НҰРЖАНҒА АРНАЛҒАН КВОТА ҚАЙДА?

Осы жылдар ішінде билік тетігін-де бірнеше «команданың» ауысқандығы түсінікті. Алайда моральдық міндеттеме – бос сөз емес, ал айтылған сөз атылған оқ емес пе... Егер бұл ұғымды, кеңсе тілімен айтқанда, есепке тіркей алмайтын болса, мемлекеттің ауыр науқастарға жыл сайын бөліп отырған квота деген есепке алынатын бабы бар ғой. Алайда аса ауыр науқас Нұржанға қатысты мемлекеттің көмегі тоғыспай отыр. Өткен жылы бозбала облыстық ауруханадан емдеу курсынан өткен, содан кейін оған квота бойынша қаралуға Алматыдағы кардиологиялық және ішкі аурулар ҒЗИ-на бару ұсынылған.

Нұржанның медициналық кәртішкесінде негізгі дерті – «сылбыр тері  синдромынан» басқа, оның созылмалы холециститпен, эрозиялық рефлюксгастритпен, дуоденитпен, созылмалы бронхитпен ауыратындығы айтылған.

КЕСЕЛМЕН ЖЕКПЕ-ЖЕК

Нұржанның үнемі бақылауға және тексеріліп тұруға мұқтаж екендігі аян. Алайда ол туралы бүкіл дүние жүзінде айтылып, ғылыми тұрғыда Ресей мен Германияда зерттеулер жүргізіле бастағанда, оған деген қызығушылық жоғалып кетті. Сөйтіп, Нұржан мен оның туысқандары қайтадан қорқынышты кеселмен жекпе-жек қалды.

Қазір Нұржан Атыраудағы туысқандарының үйінде тұрады. Ол есейіп, мектебін де бітірді. Агроколледжге түсу емтихандарынан кешігіп қалып, аудандық әкімдік дәнекерлеуші мамандығын алып шығу үшін «Мирас» оқу орталығына жолдама берген. Алайда алғашқы тәжірибе сабағында-ақ Нұржанның жағдайы нашарлапты...

Оның айтуынша, темір балқыту кезіндегі ащы иістен ол есінен танып құлап қалған. Содан кейін оның үнемі басы айналып, бас аурулары мазалай бастаған және көздері де жасаурайтын болыпты.

ШЫН ЖАСЫ НЕШЕДЕ ЕКЕНІН ЕШКІМ ДЕ БІЛМЕЙДІ

Біздің сауалымызға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Нұржанға 10 жасында шетелде жүргізілген зерттеудің оның ішкі органдарының жай-күйі 70 жастағы қарияның органдарымен сәйкес келетінін көрсеткендігін хабарлады.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық бөлімінің бастығы Алмагүл ҚАБДРАХМАНОВА бір жыл бұрын Нұржанның ағзасының жай-күйі 38-40 жасқа сай келеді деп бағалаған болатын. Медиктердің пікіріндегі мұндай қарама-қайшылық қайталама кәсіби зерттеу жүргізу қажеттігін білдіреді. Алайда шалғайда жатқан Қызылқоға ауданының Мұқыр селосында тұратын, жанұяларында тек әкесі ғана жұмыс істейтін бозбаланың отбасы ұлдарын шетелдік медмекемелерді айтпағанның өзінде, ең болмағанда алматылық емханаға жіберуге де жағдайы жоқ. Ал үйінен жырақ кеткен бозбаланың денсаулығы сыр бере бастады.

ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӨЗІ КІРІСПЕК...

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВҚА қоңырау шалынғаннан кейін Нұржанды облыстық аурухананың кардиология бөлімшесіне жатқызды. Ал «Мирас» оқу орталығындағылар оқушыларының денсаулығын ескеріп, оған басқа мамандық бойынша оқуына мүмкіндік беруге уәде берді.  

Бұдан басқа, Нұржан беріл-ген уәдені күтуден және аяушылық білдірер деп үміттенуден шаршаған. Енді ол өз денсаулығымен өзі айналыспақшы. Ең алдымен облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТІҢ жеке қабылдауына жазылмақ.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Фотосурет «АЖ» мұрағатынан алынды

9 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.