Атырау, 20 сәуір 10:40
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

АМӨЗ толық қуаттылықпен жұмыс жасауға кірісті

2 707 просмотра

2 тамызда АМӨЗ-де мұнайды бастапқы өңдейтін ЭЛОУ-АВТ-3, бензинді және дизель отынын гидротазалаудан, каталитикалық риформингтеуден өткізетін, сутек өндіретін, күкірт өндіретін технологиялық қондырғылар күрделі жөндеу үшін тоқтатылған еді. Зауыт жоспарлы-алдын ала жасалатын жөндеу кестесінен 15 күн бұрын тоқтады. Зауыттың тоқтауына төтенше жағдайдың себеп болу болу мүмкіндігін МӨЗ басшылығы мүлдем жоққа шығарған болатын. Мұндай асығыстықтың себебін - риформинг катализаторының 8 жыл жұмыс жасағанын, ал лицензиар-компанияның жабдыққа 7 жыл кепілдік беретіндігімен түсіндірді.   

АМӨЗ-ді күрделі жөндеу бүкіл тамыз бойына жалғасқан еді. Зауыттың баспасөз қызметі хабарлағандай, «жөндеу жұмыстары толық көлемде және әжептәуір жылдамдықпен орындалған». Белгілі болғандай, қыркүйек айының бастапқы күндерінде зауыт біртіндеп бүкіл кешеннің жұмысын іске қосып, автобензинді толық көлемде тиеуге кіріскен.

«Зауытқа жөндеу жасалған кезде облысымыз бен елімізде бензин тапшылығы болған жоқ па?» деген сұрағымызға «АМӨЗ» ЖШС-нің бас директоры Қайрат ОРАЗБАЕВ былай деп жауап берді: «Зауытты күрделі жөндеу кезінде жоғары октанды автобензиндерді шығару тоқтатылды, АИ-80 маркалы автобензинді шығару, сонымен қатар дизель отынының экологиялық таза сұрыптарын өндіру азайтылды. Алайда «ҚМГ Өнімдері» АҚ тарапынан жанар-жағармай құю бекеттеріне жоғары октанды бензинді жеткізуге қатысты проблемалар болған жоқ. Бекеттерде отын тапшылығы байқалмады». Бұдан басқа, Қ. Оразбаевтың айтуынша, зауыттың Атырау қаласының бюджетіне акциздік салықтар бойынша бережақтары жоқ. Бюджетке төленетін салықтың осы түрінің төленген жалпы сомасы 2013 жылдың қаңтар-тамыз айларында 1 млрд 672 млн теңге құраған.

Зауыт басшылығы күрделі жөндеу жұмысшылардың жалақысына және әлеуметтік бағдарламаларға еш әсерін тигізбеді деп есептейді. Алайда зауыт жұмысшыларының жалақысы өңделген мұнай көлеміне байланысты екендігі белгілі. Ресми мәліметтер бойынша, 2013 жылдың 8 айы ішінде АМӨЗ 2 млн 873,6 мың тонна, ал 2012 жылдың осындай мерзімінде - 3 млн 10,2 мың тонна мұнай өңдеген. Айырмашылық 137 мың тоннаға тең – бұл зауыттың екі апталық жұмыс көлемі. Сондықтан есесін толтыруға тура келеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

13 қыркүйек 2013, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.