Атырау, 19 сәуір 23:32
 ашықВ Атырау +27
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қазақстанда нотариалдық қызмет көрсететін мекемелердің саны шамадан тыс көбейіп кеткен

1 968 просмотра

Соңғы жылдары Қазақстанда нотариалдық қызмет көрсететін мекемелердің саны шамадан тыс көбейіп кеткен. Бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның нотариалдық жүйесімен танысып, оны зерттеу бағытында жұмыс жасаған Халықаралық Нотариат Кеңесінің Халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының президенті Мерлотти Мишель Арман (Швейцария) осындай пікір білдірді.

Мерлотти Мишель Арманның сөзіне қарағанда, соңғы жылдарда елімізде нотариалдық қызмет көрсететін мекемелердің саны бір жылдың ішінде 37 %-ға өскен.

«Біздің ойымызша сіздерде мемлекет атынан іс жүргізу міндеті қойылатын нотариус мамандығымен кәсіпкерлік, бизнес ұғымдары тоғысып кеткен сияқты. Сондықтан сіздерде нотариалдық қызмет көрсететіндер көп. Бұндай мекемелерді қалыптастыруда елдің саясатына, ұстанған бағытына, оның халық санына көңіл бөлінуі тиіс еді. Сіздерде заң шығарушы базаның жұмысы бұрынғыдан айтарлықтай жақсарған. Дегенмен, оны іске асыру барысында шикіліктер болуы мүмкін», - деді сарапшы.

Сонымен қатар сарапшы нотариалдық қызмет көрсетушілерге мемлекет тарапынан өте үлкен жауапкершілік артылғаны, оларды растайтын құжаттардың күші сот шешімінің күшіне тең дәрежеде күшке ие болатынын да ерекше атап өтті.

«Нотариалдық қызмет көрсетушілер оған мемлекет берген өкілетін пайдалана отырып, ең алдымен халыққа қызмет көрсетуі тиіс. Және олар қашанда заңда көрсетілген талаптарды толығымен орындауға міндетті. Қандай да бір құжаттарды рәсімдеу барысында да заңда көрсетілген ережелер бойынша барлығы анық және дұрыс көрсетілуі тиіс», - деп толықтырды ол.

Дереккөз: bnews.kz

12 қыркүйек 2013, 15:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.