Атырау, 24 сәуір 22:13
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

ҰБТ: тексеру күшейтілді

5 680 просмотра

Облыстық әкімдікте ҰБТ-ге қатысты мәжіліс болды.

Биылғы жаңалықтардан: Ғылым және білім беру министрінің 2010 жылғы 9 шілдедегі №396 бұйрығымен «Алтын белгіден» үміткер мектеп түлегі тест жүргізілген пәндердің бірінен 1 баллы жетпей қалса, үздік аттестат алады. Бұрын мұндай жағдайда олар әдеттегі аттестат алып келді.

Мектеп бітіруші түлектер үшін жағымсыз жаңалықтардың бірі мынадай: Облыстардағы білім беру басқармалары Ғылым және білім беру министрлігінен нұсқаулық хаттар алған. Хатта ҰБТ-ді өткізу барысындағы қауіпсіздік шараларын күшейту туралы айтылған. Міне, үшінші жыл абитуриенттерді тестілеуге жіберу барысында оларды металл іздеушімен тексеріп келеді, яғни, олардың өздерімен бірге ұялы телефондарын алып кіруіне жол бермейді. Алайда, бұл шараның аса көмектеспегендігі соншалық, көпшілік талапкерлер өздерімен бірге қалай болғанда да телефондарын алып өтіп, кезекшіліктегі өз көмекшілеріне сұрақтар жазылған sms хабарламаларын жолдау жолдарын жүзеге асырған. Тіпті, дәрісханадағы кезекшілер оны байқағанымен оған көздерін жұмып қараған. Оның үстіне оларды қуып шығатындай өкілеттіліктері болмаған. «АЖ» газетіне таяудағы әкімдікте өткен мәжіліс алдында облыстық білім беру басқармасының жалпы және орта білім беру бөлімінің бастығы Бәтима БАХТИЯРОВА былай деп хабарлады: «Енді металл іздеушіден басқа ұялы телефонның байланыс толқынын ұстайтын қондырғы қолданылатын болады. Ал, кезекші мұғалім, егер абитуриентердің бірінен телефон көретін болса, онда оны залдан шығарып жіберуге құқылы. Ереже бұзғандығы ескеріліп, абитуриенттің нәтижелері жоққа шығарылады және ол биылғы жылы ҰБТ-ға қатысу құқығынан айырылады».

Ал, мәжілістің өзінде облыстық білім беру басқармасының бастығы Киікбай ЖАУЛИН атыраулық құқық қорғау органдарының ұялы телефондардың дыбысын өшіргіш құралдарының жоқ екендігін хабарлады. Алайда, бұйрыққа сәйкесті ҰБТ өтетін дәрісханаларды сол құралдармен қамтамасыз етумен жергілікті атқарушы органдар айналысуы тиіс екен. Жаулин Шығыс Қазақстан облысындағы мектеп оқушыларының ата-аналарының мектеп әкімшілігіне білім беру мекемелерінде ұялы телефондарын алып жүруге тыйым салу олардың конституциялық құқықтарын бұзып отырғандығын сотта дәлелдеп шыққандығы туралы оқиғаны еске салды.

Облыс әкімінің орынбасары Болат ДӘУКЕНОВпроблеманы одан әрі ушықтырмауға және Шығыс Қазақстандағы жағдайды мысалға алудың қажеттілігі жоқ екендігін ескертті.

-Қазір әңгіме емтихандар туралы болып отыр. Олар келіссөздер жүргізуге емес, емтихан тапсыруға келеді. Оларға телефонның керегі не? –деп атап өтті әкім орынбасары.

Тұрмыстық жағдайларға қатысты проблемалардан: кондиционерлермен ҰБТ өтетін дәрісханалардың жартысынан азы ғана жабдықталған.  Мәжілісте барлық дәрісханаларды, ең болмағанда емтихан кезінде ғана кондиционерлермен қамтамасыз етуге тапсырма берілді.

Б.Дәукенов өткен жылы ҰБТ бойынша төменгі көрсеткіштер берген Құрманғазы, Қызылқоға және Жылыой аудандарының әкімдеріне ескерту берді. Сонымен бірге әкімдерді «Алтын белгі» атағы бойынша сапа емес, сан қуалауға жол бермеулерін сұрады, өйткені, ол мәртебеден үміткерлердің сынақ тестілеуден өткен кездерінде өз деңгейлерінен көріне алмағандығы белгілі болды. Барлық әкімдер ҰБТ-ге дайындық жақсы жүріп жатқандығына сендірді.  

Естеріңізде болса, өткен жылы облыс бойынша орташа көрсеткіш 84,5 балл құрады, ал, еліміздегі жалпы көрсеткіш - 84,85 болды.

Атырау облысында биылғы жылдың басты емтиханына 5 127 мектеп оқушысы  немесе барлық мектеп түлектерінің 89,9 пайызы қатысады. Өтініштерді қабылдау мерзімі 25 сәуірде аяқталады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА, Зульфия ИСКАЛИЕВА

20 сәуір 2011, 21:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.