Атырау, 29 наурыз 16:59
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атырауда жастардың қызмет ету күні өтті

2 667 просмотра

Өткен демалыс күндері атыраулық мектептердің жоғары сынып оқушылары алғаш рет 1988 жылы құрылған Бүкіләлемдік жастардың қызмет ету күнін атап өтті. Бұл шара «Ақпараттық технология ғасыры» деп аталатын Айрекс бағдарламасы аясында болды.

Біз бұл бағдарлама туралы бұрын жазған болатынбыз. Бұл мектеп оқушыларына арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі, көшбасшылық және қоғамдық жобаларды жүргізуге арналған тренингтер. Шараға дайындық бірнеше апта бұрын ғана басталды. Алдымен болашақ көшбасшылар Атырау қаласындағы балалар үйімен, қарттар үйімен және қалалық кітапханамен келісіп алып, кейін 15-16 сәуірде қаланың түрлі аудандарында бірнеше акциялар жүргізді: балалар «Ақ бота» балалар үйінің тәрбиеленушілерін компьютерлік сауаттылыққа үйретті, мектеп оқушыларына кітаптарды сыйға тартты. Мектеп аулаларын тазартып, көгалдандырды. Төрт мектепте «Жол қозғалысы ережесін біл» деген акция өтті: оқушылар өз қолдарымен тақырыптық бетшелер дайындап, кейін оларды жүргіншілерге таратты.

«Шаңырақ» жанұялық балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін №16 мектептің оқушылары «Шалғам» ертегісін және түрлі ойындар  дайындап, олар өздерінің түрлі-түсті костюмдері мен күлдіргі әзілдерімен таңдандырды. Балалардың жүздеріне күлкі үйіріліп, уақыттарын көңілді өткізді. Қарттар мен мүгедектерге  арналған облыстық интернат үйінің адамдары үшін №16 мектеп пен Еркінқала орта мектебі концерт дайындады. Қыздар ән салып, домбырада күй шертті. «Біздер қам көңіл жандардың көңілін көтере білдік»,-дейді Еркінқала орта мектебінің оқушысы Дариға ШЫҢҒАЛИЕВА. Соңында №12 мектептің балалары өз қолдарынан жасаған сыйлықтарын ұсынды. Бұдан басқа, мектеп оқушылары өз күштерімен заттар, ойыншықтар және кеңсе жабдықтарын жинап, №3 интернат тәрбиеленушілеріне апарып табыс етті. Осылайша балалар қоғамға өз көмектерін беруге тырысып көрді және сол әрекеттері арқылы жастарды еріктілердің қоғамдық  жұмысына тартуға үлгі болды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

20 сәуір 2011, 20:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.