Атырау, 29 наурыз 09:36
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қашаған біз үшін аса қымбат

2 915 просмотра

Жоба тағы да тұралады

Өткен жылы Қашаған кен орынын 2018-2019 жылдарға игерудің (мұнайды коммерциялық өндіру) екінші фазасының мерзімін өзгерту туралы хабарланды. Ал, таяуда республикалық БАҚ-да британдық The Telegraph сілтеме жасай отырып, Қазақстан 2-ші фазаның (бюджет болжап отырған алғашқы 50-60 млрд. доллар 130-150 млрд. долларға дейін өсті) қымбаттауына орай келіспеуі салдарынан жұмысты тоқтатуды жоспарлап отыр деген ақпарат пайда болды. Естеріңізде болса, жыл басында Мұнай және газ министрі Сауат МЫҢБАЕВ 2-ші фазаның тұжырымдамасына қатысты мәлімдеме жасаған болатын. Онда министрлік экономикалық жағынан тиімсіз жобаны бекітпейтіндігі туралы айтылған еді.

Біз NCOC консорциумының басшылығынан The Telegraph жариялаған ақпаратқа түсінік беруін сұраған едік. NCOC мүдделі тараптарымен байланыс жөніндегі бас менеджері  Филипп ШАРЛЕЗ былай деп жауап берді: «Сіздердің ІІ-кезең бойынша жолданған сауалдарыңызға орай былай деп хабарлаймыз: 2009 жылы  Қашаған жобасының ІІ-кезеңін базалық жобалау бойынша жұмыстар басталған болатын. Сонымен бірге Норт Каспиан Оперейтинг Компаниясының Б.В. (НКОК) басшылығымен және  ІІ-кезеңнің орындалуына жауапты агент-компания ретінде Шелл Девелопмент Қашағанның (ШДК) қолдауы барысында түрлі жобалық шешімдерді мұқият талдау солардың басшылығымен жүргізілді.

2011 жылдың екінші жартысында талдау аяқталғаннан кейін таңдап алынған жобалау шешімдері акционерлер мен өкілетті органдарға бекітілуге ұсынылады. Жобалау шешімдері бекітілген жағдайда шығындар мен кестелер нақтыланатын болады».

Біздің тарап келісім-шарттың, егер оның талаптары қазақстанға тиімді болған жағдайда ғана ұзартылатындығын мәлімдеді. Сонымен қатар интернетте  Шелл Девелопмент Қашаған компаниясы Қашаған жобасының ІІ-фазасының тұжырымдамасы Қазақстан Мұнай және газ министрлігі бекітпегендігіне байланысты таратылғандығы туралы ақпарат пайда болды.

Қазақстан бұрын тек инвесторларды ғана қыстайтын, алайда, жағдай жоба қымбаттағаннан кейін, яғни, Қазақстан 40 млрд доллар көлеміндегі болжамды таза пайдадан бір мезетте айырылып қалатындай болған соң өзгеріп кетті. Қашаған жобасындағы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы үлесінің артуын өздерінше өтемақы ретінде ұсынды. Алайда, оның екі жағы болды, үлес артқан сайын, шығын да артатын болды. Жобадағы өз үлестерін қаржыландыру үшін ұлттық компанияға несие алуға тура келеді. Өз кезегінде Қазақстан Өнімді бөлу туралы келісім талаптары бойынша инвесторлардың шығындары өндіріліп алынғаннан кейін ғана пайданы ала бастайды. Осылайша, одан әрі мұнай өндіруді арттыру экономикалық тұрғыдан алып қарағанда тиімді болмайды. Кейбір сарапшылардың пікірінше, Қазақстан әзірге кем дегенде 2018 жылға дейін жылына 35 млн. тонна мұнай өндіретін болады.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

 

«АЖ» анықтамасы. Консорциум ішіндегі жауапкершіліктің бөлінуі былайша:  Аджип ККО - тәжірибелі-өнеркәсіпті игеру бағдарламасын жүзеге асыру (бұрғылауды қосқанда); Шелл Девелопмент Қашаған (ШДК) - құрылықтағы кешен нысандарын қосқандағы ІІ кезеңді жоспарлау және жүзеге асыру; ЭксонМобил Казахстан Инк. (ЭМКИ) - ІІ кезең аясындағы бұрғылау жұмыстары. ҚазМұнайгаз және Шелл - НК Продакшн Оперейтинг Компаниясы Б.В. (НКПОК) бірлесе отырып, барлық кезеңдердегі өндірістік операцияларды басқаратын болады. 

20 сәуір 2011, 19:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.