Атырау, 24 сәуір 14:19
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Балықшы жылу электр орталығына қосылады

3 259 просмотра

Облыстағы билік өкілдері соңғы жылдардағы ең өзекті жобалардың бірін - Балықшы поселкесін жылу электр орталығының жылыту жүйесіне қосуды жүзеге асырмақ.

Жарты миллиард теңге мөлшерінде алғашқы транш бөлінді. Жобалау-сметалық құжаттарды рәсімдеу үшін мердігерді анықтауға тендер жарияланды. Ол әзірге өткізіле қойған жоқ, өйткені тендерге қатысуға тек бір компания ғана өтініш берген.

«Мәселе мұнда емес. Балықшылықтар коммуналдық қызметтер үшін ақша төлеуді мүлдем ұмытқан, осы жағдай қиын боп тұр, - дейді қалалық әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және көлік жолдары бөлімінің бастығы Жұмабай ҚАРАҒАЕВ. - Өткен жылу маусымы ішінде олар «Таза құбыр» ЖШС-не 40 млн. теңгедей қарыз болды. Жылумен қамтушы бұл мекеме өз кезегінде «Облтрансгаз» КМК-ға 35 млн. теңге, «Атырау Энергосату» ЖШС-не 9 млн. теңге және «Атырау су арнасы» КМК-на 7 млн. теңге қарыз боп қалған. Алдыңғы жылу маусымындағы балықшылықтар төлеуі тиіс сома- 29 млн. теңге. Балықшыдағы жылу тарифі - 38,12 теңге, ЖЭО қызмет көрсететін үйлерде - шаршы метр үшін 74,44 теңге».

Алайда қазір қалалық әкімдік шенеуніктері жертөле құбырларының тұрбаларын жөндетуге тұрғындарды қалай мәжбүрлеу керектігіне бастарын қатыруда. Өйткені, поселкелік жылу қазандықтарынан келетін ыстық су қысымын көтеретін Балықшыдағы үйлердің тұрбалары жылу электр орталығының қысымын көтермейді.

Облыс орталығында термомодернизациялау бағдарламасы іске қосылды. Оны қолдану арқылы балықшылар поселкесіндегі үйлердің жертөлелерін күрделі жөндеуге болар еді. Алайда балықшылықтар жеңілдікпен болса да мойындарына несие жүктегілері келмейді. Ал облыстағы билік ЖЭО тұрбаларын өткізсе, Балықшыдағы пәтерлерде ыстық су болатындығына уәде беріп отыр. Бүгінгі күні осы жердегі пәтерлердің көпшілігінде тіпті ыстық сумен қамту жүйесінің шүмектері де жоқ.

Коммуналдық қызметті төлеу мәселесі ЖЭО бақылаушылары Балықшыда жұмыс жасай бастаса, өзектілігін жояуы мүмкін.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген В.Истомин

20 сәуір 2011, 19:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.