Атырау, 28 наурыз 20:55
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

"Қашаған кенішінен мұнай өндірудің Қазақстанға пайдасы жоқ". "Қазақстанда тойға еуропалықтардан көп шашылады". "Қазақстан семіздіктен Орталық Азияда алда тұр". "Абылайдың «алтын тағы» қайда?".

3 651 просмотра

SERKE.ORG. "Айдос Сарым мен Мұхтар Тайжанның абыройы төгілді ме?" - Шетелде қашып жүрген Рахат Әлиев әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында Айдос Сарым, Мұхтар Тайжан, Серік Сапарғали, Амантай қажы және басқа да бірнеше ұлтшыл патриоттың қоғамдағы оппозицияшыл абыройына нұқсан келтіретін жазба жариялады. Оның ойынша, ұлтшыл патриоттар Франция түрмесінде жатқан Мұхтар Әбілязовтың тағдырынан жұрттың назарын басқа жаққа аудару үшін түрлі саяси акциялар жасап, ойын салып жатыр екен. Осы жоспардың басында Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин тұр-мыс. Ол М.Тайжан мен А.Сарымға қалай әрекет етудің жоспарымен қоса алғашқы төлем ретінде 500 мың доллар беріпті. Сол жоспар бойынша А.Сарым мен М.Тайжан бастаған ұлтшылдар Ресей елшілігінің алдында пикеттер өткізіп, Путин саясатын сынап, ақпарат құралдарында дабыралатып шу шығарып жүр екен.

"Қашаған кенішінен мұнай өндірудің Қазақстанға пайдасы жоқ" - Қашаған кенішінен мұнай өндіру Қазақстанға түк те бермейді, деп есептейді мұнай өндірісі саласындағы қазақстандық бір компания жетекшісі.

«Қашаған ел бюжетіне салықтан түсетін қаражаттың артуынан басқа түк те бермейді. Бұрын аталған жобаны іске асыру көп нәрсе береді деп күткен, бірақ олай болмайды, себебі өнімді бөлісу келісімі (ӨБК) бойынша барлық инвестицияны олар (жобаға қатысушылар – ҚазТАГ) мұнай түрінде әкетіп отырады», - деді сұхбатшымыз агенттікке.

AZZATYQ.ORG. "Қазақстанда тойға еуропалықтардан көп шашылады" - Шетелдік банк зерттеуі бойынша қазақстандықтар үйлену тойына орта есеппен 2 миллион теңге жұмсайды. Қаражат көбіне несиеге алынады. Алайда жас жұбайлардың 30 пайызға жуығы ажырасып кетеді.

"Қазақстан семіздіктен Орталық Азияда алда тұр" - БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының 2013 жылғы баяндамасында Орталық Азия аймағындағы ең семіз адамдар - қазақтандықтар деп көрсетілген. Сонымен қатар баяндамада балалардың тойып тамақ ішпеу проблемасы да сөз болады.

BAQ.KZ.  "Б.Ибрагимов: Сахна кім көрінгеннің мекеніне айналғандықтан «Бауыржан-шоу» жұмысын тоқтатты" - "Одақтың арнайы алқасы ең жақсы қойылымды сомдаған актерге, режиссерлерге Оспанхан Әубәкіров, Серік Кенжеахметов атындағы жүлделер беріп, марапаттарға ұсынатын болады. Сондай жағдайда таланты бар, тамыр-танысы жоқтардың, ерен еңбектері ескеріледі. Қала әкімшілігімен бірігіп, қала күні қарсаңында юмордың деңгейі биікке көтерілген Орталық Азия, Ресейден өнерпаздар шақырылып, «Юрмала» секілді фестиваль ұйымдастыру жоспарда бар. Ескінің көзін көрген, өнерді бағалай білетін еліміздің танымал мәдениет қайраткерлері, әзіл-сықақ театр ұжымдары бір ауыздан қолдап отыр".

ABAI.KZ. "Александр Лукашенко: Кедендік одақ кері кетіп барады..." - рыс баспасөзі «Батька» деп «бағасын асырмақ» болып, келеке-мазақ етіп жүретін Белоруссия басшысы Александр Лукашенко Кедендік одақтың кері кетіп бара жатқанын айтып жарияға жар салуда. Ол ел астанасы  Минскде өткен баспасөз мәслихатында «Ресей Беларуссияны алдарқатып бағуда» деп салды. «Әуел десеңіз, - дейді Лукашенко, - Беларуссия өндіретін тауарларды Ресей нарығына жібермеу туралы бұйрық та бар».

ZHASALASH.KZ. "Сочидегi “соғым басы” немесе Азиададан Олимпиадаға дейiн" - Өткен аптаның соңында Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев Сочиге барды. Үкiметтiң жетегiндегi БАҚ “елбасы жауынгерлiк самбодан өткен халықаралық турнирдi тамашалады” деп тамақты жыртардай құрғақ хабарлады. Үкiметтiк емес басылымдардың айтатыны мүлдем басқа: “Путин мен Назарбаев мұрагер мәселесiн тағы бiр пысықтап алды…”, “Назарбаев Кремльден кеңес алып қайтты…” тағысын-тағылар.

AIKYN.KZ. "Абылайдың «алтын тағы» қайда?" - Қазақ хандарының басты ақ ордасы – Қожа Ахмет Йассауи кесенесі болған. Ал сол киелі жердегі өзге елдің жақсы-жайсаңын қабылдаған, қазылық айтқан, билік жүргізген, үкім кескен ақ қалпақты хандарымыздың отырған «алтын тағы» қайда? Тақ жоқ, жоқ болған соң көре де алмайсыз, көрсете де алмайсыз. Тақсыз ел – бақсыз ел. Тұғырлы елдерге тән алтын тақ бір кезде бізде де болған. Өзіміз көрген жоқпыз, бірақ «алтын тақтың» болғаны анық. «Төресіз ел, төбесіз жер болмайдыны» айтқан қазақ, ханның отырған құтты орнын да ерекше қадірлей білген. Ал кейінгі біздер қадірлей алмадық. Әйтпесе киелі кесенеде көздің жауын алып, алтын тақ ақ сарайдың ішін толтырып тұрса, көрген жұрт тақ тұрмас па еді?!.

"Қашағанның өнімін өзіміз аламыз" - «Қашағанның» газын өзіміз-ақ толық кәдеге жарататын болдық. Кеше Астанада Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы мен осы әлемдегі алып кен орнын игеруші мердігер компаниялар арасында «Қашаған» кен орнынан шығатын газды сатып алу-сату шартына» қол қойылды. Осы мәмілеге сәйкес, Қазақстан сонау 2042 жылға дейін, яғни «Өнімді бөлу туралы келісім» мерзімі аяқталғанға дейін, Қашағанның барлық «көгілдір отынын», толық көлемде өзі алатын болады.

"Ендігі меже - 40 миллион доллар" - Қытайлық заттардың Қазақстанға 90- жылдары қалай қаптағанын көпшілік жақсы біледі. Қазіргі кезде де алапат қарқынмен дамушы бұл елден қап-қап болып тауарлар тасылуда. Бұл ағын алда арта беретін көрінеді. Әрине, Қазақстан да қарап қалмай, «Аспанасты елінің» орасан зор нарығын игеруге тырысуда. Ел Үкіметі, мәселен, биылғы астықты осы елге де экспорттауға ниетті. 

ALASHAINASY.KZ. "Өнеркәсіптік дизайн неге мешеу қалып отыр?" - Мемлекеттің қаржысы қасықтап емес, күректеп құйылып жатқан жеңіл өнеркәсіптегі кәсіпорындар  «спецовка» тігіп отыр. Жеңіл өнеркәсіп дегенде бетіміз бүлк етпей, ұялмай-қызармай сол спецовкаларды көрмеге шығарып келеміз. Қашанға дейін? Оқалы шапан, бүрмелі көйлек, кестелі орамал,  құндыз бөрік, алтынмен апталған, күміспен күптелген ат-әбзелін жасаған қазақтың маңдайына ХХІ ғасырда не дизайн жоқ, не эстетика, көркемдік жоқ «спецовка» ғана тігуді жазып қойған ба нарық?

"Қытай ортақ өзен-суларды әділ пайдалануға уәде беріп отыр" - Ван И, Қытайдың сыртқы істер министрі:

– Мен қазақстандық қоғамның трансшекаралық өзендердегі су ресурс­тарына қатысты мәселелерді тың­ғы­лықты қадағалап отыратындығын біле­мін. Біз министр мырза Ыдырысовпен бірге бұл мәселені талқыладық. Бұл мәселе бойынша Қазақстан мен Қытай арасында өте жақсы ынтымақтастық бар. Мен Қазақстан мен Қытайдың сенімді әріптес екендігін тағы да бір мәрте атап өткім келеді. Қытай транс­шекаралық өзендер бойынша Қазақ­стан мүддесіне зиян келетін еш қадамға бармайды.

"Киелі құс құрып кетудің алдында тұр" - Бір қарағанда көпшілік үкіні тек үлпілдеген жүні ғана кәдеге жарайды деп ойлауы бек мүм­кін. Алайда өткір көзді «түн қарақшысы­ның» келтірер пайдасы шаш-етектен. Бидай алқап­тарындағы зиянкестерді түп-тұқия­ны­мен жоятын да – осы құс. Ен даладағы егістік­тегі кеміргіштерден тегін залалсыздандырады. Жыл өткен сайын саны да кеміп, сиреп келе жатқан құстың жауы көбейіп тұр бүгінде. Ең басты дұшпаны – әрине екі аяқтылар. Ұстап алып, үкінің үлпілдеген қауырсынын базар­дағы көтерме саудагерлерге сатса, қалтасын бір­аз қампайтады. Аз құсты аялаудан да бұ­рын ақша қажеттірек болуы, осылайша, тұқы­мын тұздай құртуға бет алғандай.

EGEMEN.KZ. "Көлік салығы көбейгеннен кім ұтады?" - Аталған заңда тек қозғалтқыш көлемі үлкен жеңіл көлік салығы ғана емес, жүк машиналарына салынатын салық мөлшері қазіргі 9 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін көтеру ұсынылған. Сондай-ақ, заң жобасымен белгілі уақыт аралығында игерілмей жатқан жер үшін салық көлемі 10 есеге арттырылмақшы. Оған қоса, алкоголь акциздерінің мөлшерлемесі – 2016 жылы 1 литр спирт үшін 1,6 мың теңге болады. 2020 жылға қарай кезең-кезеңмен темекіге деген акциз мөлшері 1 мың данаға 9 мың теңгеге жетеді.

TURKYSTAN.KZ. "Қазақстанда топонимдер әлі толық жүйеленген жоқ" - Тұтас Түркістан азаттығының қайтпас күрескері Мұстафа Шоқай ғұмырнамасының кейбір беймәлім беттері.

MUSLIM.KZ. "АҚШ-та мұсылмандарға деген теріс көзқарасты өзгертетін фильм көрсетілмек" - Америкалық телеарналардың бірі осы аптада Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) жайында деректі фильм көрсетпек. «Бұл фильм АҚШ телекөрермендерін бір таңғалдырмақ» деп жазыпты Washington Post газеті.

20 тамыз 2013, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.