Атырау, 29 наурыз 11:30
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Су тасқынының қаупі жоқ…

3 637 просмотра

Батыс Қазақстан облысындағы орын алған судың тасуы  Атырау үшін қауіпті емес, тіпті, ол экологиялық жағынан бізге тиімді,-деп есептейді су шаруашылығы бассейндік инспекциясының бастығы Бисен Қуанов.   

Орынбор қаласы маңындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі 14-сәуірде 708 см құрады, 18-сәуірде  ол деңгей 686 сантиметрге дейін төмендеді. Орал қаласында 15-сәуірде 718 см болса, 18-сәуірде - 681 см болды. 17-сәуірде Индер ауданы орталығының маңында су деңгейі 32 сантиметрге дейін көтерілді, яғни, деңгейі 235 см жетті, ал, Махамбетте су бір күннің ішінде 1 метрге, яғни, 199 сантиметрге дейін көтерілді. Су тасуының шарықтау шегінде бұл жерде судың көтерілуі 550-600 сантиметрге дейін жетеді деп күтілуде. Бұл су тасу деңгейінен бір жарым-екі метрге төмен.

Көрші Батыс Қазақстан облысындағы судың тасуы Шаған және Деркүл шағын өзендері бассейндеріндегі биылғы жауған қардың тиісті нормадан 3-4 есе артық болуынан деп хабарланған болатын. Бұл өзендерге бөгеттер салынбаған және олар бірден Жайыққа құяды. Ал Орынбор облысында орналасқан Иректі су қоймасында қазір 846 млн. текше метр «құрғақ» сыйымдылықтар бар. Жайық бассейннінің жоғары бөлігіне өткен жылы қар аз жауды. Сондықтан да ресейлік сушылар су қоймасынан суды жіберу деңгейін экологиялық минимум - секундына 15 текше метрге дейін төмендетті. Атыраулық сушылар өзендегі Шаған мен Деркүлден келген су ағысына қарсы емес, әзірге ол жеткілікті. Ал, жазғы ыстықта олар әріптестерінен су қоймасынан секундына 25 метрге дейінгі суды жіберуін өтінуді көздеп отыр.

Қысқасы, Атырау облысына су тасқынының қаупі жоқ. Бұдан басқа, Деркүл мен Шаған суларының көтерілуінің арқасында өзен бастауы таза суға толады және балықтарға уылдырық шашуға қолайлы болмақ. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

 

…бірақ, бөгеттерді жаңарту керек  

«Көршілеріміз де дәл бұлай болады деп күтпеген еді», - дейді Батыс Қазақстан облысындағы судың тасуы туралы облыстық әкімдікте өткен мәжілісте.  Және одан қандай жағдайға да дайын болуы керек деген қорытынды жасады.

- Қиғаш бойынша жағдайды қалыпты деп күтуге болады. Ал, Жылыой ауданында су тасуының шарықтау шегі өтіп те кетті, су енді тартылып та барады, - дейді облыстық мобилизациялық дайындық, азаматтық қорғаныс, авариялар мен табиғи апаттарды ескерту және  жою жөніндегі басқарма бастығы Нұртас МҰХТАРОВ. - Алайда, жайбарақаттық танытуға ертерек.

Н.Мұхтаров Жайық өзені және басқа да ұсақ өзендер жағалауында Атырау облысының жалпы алаңы 339 мың шаршы метр болатын 58 елді мекені, оның ішінде 17 мың шаршы метр болатын 14 елді-мекеннің қауіпті деген учаскелерде орналасқандығын еске салды. Оның үстіне қорғау үшін жасалған бөгеттерді жөндеу 2005 жылдан бері жүргізілмеген. Олар басылып, жүрген көліктердің салдарынан бұзылып, өзенге құйылған теңіз  суларымен шайылған. Бүлінген учаскелерді қайтадан қалпына келтіру үшін 189 млн. теңге қаржы қажет.

Біздің ақпарат көздеріміз хабарлағандай,Оралдағы халықтың жағдайы өте қиын көрінеді. Суға толған үйлерін тастап шыққан адамдарды мектептерге орналастыруда.Оралдықтар жылы киімге, балалар тағамына және күнделікті қажетті тауарларға мұқтаж болып отыр.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

20 сәуір 2011, 19:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.