Атырау, 19 сәуір 22:01
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Жеке кәсіпкер мәртебесін алуға тура келеді

3 910 просмотра

Сейсенбі күні редакцияға «Көктем» базарындағы сауда нүктелерінң қожайындары хабарласты. Олардың айтуынша, базар әкімшілігі олардан жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендігі туралы куәлікті талап етеді екен.

«Бұрын біз бір мәрте берілетін талонмен жұмыс істейтін едік. Ал енді базаркомдар салық комитетінде жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелуімізді талап етуде, - дейді саудагерлердің бірі. – ЖК ашу оңай екенін өз басым білемін. Ал оны жабу өте қиын. Жеке басымда үш ЖК бар, оларды әлі күнге дейін жаба алмай келемін. Егер декларацияны уақытында жаппасаң, 50 мың теңге айыппұл төлейсің. Ал басқа жақтан келген саудагерлер не істейді?».

Түсінік алу үшін «Көктем» базарының әкімшілігіне хабарласқанымызда, ондағылар салық басқармасының хатына сілтеме жасады. «Хатта үш айдан астам уақыт сауда жасаған коммерсанттарды оларға жіберуге тиіс екендігіміз айтылған», - дейді олар.

Атырау қаласы бойынша салық басқармасының жеке кәсіпкерлікті әкімшілендіру бөлімінің бастығы Нұрлан ЖҰМАҒАЛИЕВТІҢайтуынша, бұл талаптар Салық кодексіндегі өзгерістерге байланысты. «Шынымен де, базарда үш айдан астам уақыттан бері сауда жасайтындар жеке кәсіпкерлер ретінде тіркеліп, тиісінше, тоқсан сайын бізге зейнетақы және басқа әлеуметтік жарналар бойынша есеп беріп тұрулары тиіс. Бұл Қазақстан азаматтарына қатысты. Басқа жақтан келгендер бұрынғыша бір мәрте берілетін талонмен жұмыс істейді. Өйткені олар бұл жерде 90 күннен артық бола алмайды».

Жеке кәсіпкерлікті жабуға қатысты қиындықтарды Н.Жұмағалиев көбінесе декларациялар мен кәсіпкерлердің нақты табысының арасындағы айырмашылықтардың болатындығымен түсіндірді.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

14 сәуір 2011, 17:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.