Атырау, 29 наурыз 20:49
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Мектептерде «тубазид» ата-ана келісімінсіз берілген

11 195 просмотра

Редакцияға атыраулық мектеп оқушыларының наразылық білдірген ата-аналары хабарласты. Өткен жылдың күзінен бастап балаларға ата-аналарының келісімінсіз туберкулезге қарсы күшті дәрілерді зорлап беруде.

Қала мектептерінің бірінші сыныбында оқитын Әділжанның анасы Дамирак былай деп әңгімелейді.

-Күзде бізге «манту» салды, уколдың орыны аздап істі. Содан соң «Светлана» ауданында орналасқан бұрынғы балалар емханасына рентгенге түсуге жіберді. Фтизиатр дәрігердің қабылдауына ұзақ-сонар кезектен кейін үшінші рет келгенде ғана кіру мүмкін болды. Фтизиатр-дәрігер конвейр приципі бойынша жұмыс жасады деуге болады. Ол жылдам-жылдам  баланың және оның ата-анасының рентген қағазына қарады, салынған иненің орынын өлшеді және әлдебір жазбаларды толтырды. Маған мектепке бересіз деп берген анықтамадан мен тек «поливитамины» деген жазуды ғана айырып оқыдым. Басқа бір дәрілерді қабылдау туралы бірде-бір сөз айтылған жоқ. Маған балаға қатысты барлық мәлімет мектепке жолданатындығын айтты. Кейін маған ұлым мектеп медбикесіне дәрі  ішуге баратындығын айтты. Балаларға иммунитеттерін көтеруге дәрумендер береді ғой деген оймен мен баламның дәрігерге баруына қарсы болмадым. Тек жақында ғана ата-аналардың бірінен менің балама «изониазид» беріп жүргендігін естідім. Гуглден қарағанымда оның нағыз туберкулезден емделетін уытты дәрі тубазид екендігін білдім. Бұл дәріні менің балам бірнеше ай бойы ішті, егер мен, бұған қатысты айқай көтермегенімде әлі күнге дейін ішкен болар еді. Және мені тағы бір алаңдатқан жайт, дәрі ішіп болған балалар журналға өз фамилияларының бірінші әрпін немесе толық жазып кетеді екен. Менің ойымша бұл заңсыз деп  есептеймін, өйткені балалар қабілетсіз ғой. Алайда, басты мәселе- бізге бұл дәрі туралы және оның жағымсыз әсерлері туралы айтып, неге бізге түсіндірмеген? Біз өз баламызға қастық ойламаймыз ғой, егер бізге адамгершілік тұрғыдан түсіндірсе, біз емдеу курстарынан өтуден бас тартпас едік қой. Оны ата-анадан неге жасырады? Және тағы да Интернетте бұл дәрімен емделу курсын үзбеу керек жеп жазады. Ал, бізде арада үзілістер болды. Күзгі, қысқы және бірінші сыныптықтарға берілетін тағы да қосымша каникулдар кезінде үзіліп қалды. Кейін біз өзіміз сырқаттанып мектепке бара да алмай қалдық. Сонда осылайша емделуден қандай қорытынды шықпақ?

ЖАРТЫ ЖЫЛДА МАНТУ ҮШ РЕТ САЛЫНДЫ

Тағы бір бірінші сыныптықтар Катя мен Нұралының аналары өз балаларының дәрі ішіп жүргендігін білген:

- Интернеттен изониазидтің уытты құрамын оқып, оны ішуден бас тарттық. Алайда, мектеп медбикесі бұл дәрінің туберкулездің алдын-алуға арналғанын және оның балалар ағзасы үшін жазып берліген дозаның зиянсыз екендігін мәлімдеді. Және дәріні қабылдауды жалғастыру жөн деді. Одан изониазидтің уытты құрамын білесіз бе деген біздердің сауалымызға медбике білмеймін деп мәлімдеді. Ол тек фтизиатр-дәрігердің тапсырмасын ғана орындайды. Ал, жақында бізге жазып берген 60 күн мерзімді 90 күнге дейін ұзартады деп хабарлады. Және тағы да оның себебі түсіндірілместен қалды.  Менің журналистік шыдамдылығымның шегі қала тұрғыны Гүлшатпен И. болған әңгімеге дейін жетті. Бірнеше ай бойы оны рентген түсірілімдері негізінде оның барлық анализдері, оның ішінде бактериологиялық тексеру ондай сырқаттың жоқ екендігін анықтағанымен, түйінді туберкулезден емдеген.

- Тек кейін ғана маған менің іс жүзінде пневмониямен ауырғанымды айтты. Осынау күшті деген дәрілерді өзім іштім, бір айда 2,5 келідей арықтадым, көзімнің көруі нашарлады. Денем қышынып, бауыр мен жүрегім сырқатқа шалынды. Сол себептен мен мантуы іскен балаларыма осы дәріні жазып бергенін білгенімде қатты шошындым. Менде туберкулезбен ауырады деген күдік болған соң ба, балаларымның біріне барлық ережені бұза отырып, «мантуды» жарты жылдың ішінде үш рет салған. Ал, олардың арасындағы үзіліс жарты жылдан кем болмауы тиіс. Осыған қарап мен мектептердегі медбикелер, учаскелік дәрігерлер мен фтизиатрлар арасында ешқандай өзара байланыс жоқ па деген ойға келдім. Олар мантудың салынғандығына қарамастан салуға тағы да жолдама берген. Ал, өткен аптада қызыма менің келісімімсіз изониазид бере бастаған, оның үстіне әлжуаз кіші балама да беруге тырысқан. Тек бір-екі күн ішінде ғана маған фтизиатр дәрігер Нұрғалиева балаларыма дәрі беруден бас тартуыма құқығымның бар екендігін мәлім етті.

«БҰЙРЫҚТА СОЛАЙ ЖАЗЫЛҒАН»

Осындай шағымдармен мен бірден Атыраудың Азия бөлігінде балаларды қабылдайтын фтизиатр-дәрігер  Мәншүк НҰРҒАЛИЕВАҒА жол тарттым. Бұған дейін мен біздің балаларымызға изониазид және басқа да дәрі-дәрмектерді Денсаулық сақтау министрлігінің 2007 жылғы 7 шілдедегі №466 бұйрығының негізінде зорлап беріп жатқандығын анықтап алдым. Ал, бұл емдеу курсы-химиялық терапия деп аталады. Бұл маған сенімділік ұялата қоймады.

Біз қашанда ата-аналармен тағайындалатын дәрілер туралы әңгімелесеміз. Сондықтан да балаларды ата-аналарынсыз қабылдамаймыз,-дейді дәрігер.

- Алайда ата-аналар басқаша айтып отыр. Олардың айтуынша, дәрігер нақты ақпаратты мектеп медбикесі береді деп оған жұмсайды, ал, медбике керісінше дәрігерге сілтейді. Сонда кімге сенген жөн?

 - Қайталап айтам, біздер фтизиатрлар ата-аналарға барлық қажетті деген ақпаратты береміз. Міне, дәрі тағайындалған бланкаға барлық ата-аналар қолдарын қояды. Латынның Н әрпі химиялық терапияны білдіреді, яғни, ол изониазидпен емдеу курсы.

- Демек, ата-аналардікі дұрыс болғаны ғой. Иә, мен шынында да тек «Н» әрпін көріп тұрмын (суретте), ал, төменде «поливитамины» деген сөз бар. Сонда ол қалай болғаны?

 - Жазудың осындай формасы қабылданған, біз мұнда дәрі мөлшерлемесін жазамыз және мектеп медбикесіне береміз.

- Химиялық терапия неліктен рентгені мен басқа да анализдері жақсы, тек «мантуы» ғана оң реакция берген балалардың барлығына жүргізіледі? Оң реакция міндетті түрде ағзада туберкулез таяқшасының бар екендігін білдіре ме? Бәлкім, бұл аллергиялық реакциялар болар? Және балада басқа аурулардың бар болуы неліктен ескерілмейді? 

- Манту – ол аллерген болып табылады және оң реакция адам ағзасында дәл сол кезде ауруға деген бейімдеушіліктің бар екендігін көрсетеді. Бұл жерде баланың қолын суға тигізгендігі маңызды емес. Басқа ауруларға келетін болсақ, біз анализдерден олардың бар-жоғын анықтайтын боламыз. Атыраулық балалар арасында қаназдық ауруы басым («Манту» оң реакция), сондықтан да біз ондай балаларға  тағы да дәрумендер мен шипажайларда емделуге жолдама береміз.

- Емдеу курсы бірнеше рет бұзылған каникул кездеріндегі үзілістер  қалай болмақ? Бұл керісінше, балаларда туберкулездің орнықты формасына әкеліп соқтырмай ма?

 - (үзістен кейін) Бұйрық бойынша бізалдын-ала емдеуді бақылауда ұстауға міндеттіміз, дәрілерді үйге бере алмаймыз.

 - Алайда, бұл медициналық нормаларға қайшы келмей ме?

 - Бұйрықта осылай жазылған, біз ештеңе жасай алмаймыз. Бұл керісінше жақсы, балалар үзілісте демалады. Осы жыл сайынғы химиялық терапияның арқасында менің бақылауым бойынша менің учаскемдегі балалардың ауруы барынша төмендеді.

 «ОЛАР БАРЛЫҒЫН АТА-АНАЛАРҒА ТҮСІНДІРУГЕ ТИІСТІ»

Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері  Болат САҚАУОВбасынан-ақ, оның өзінің аумақтық фтизиатрлары ата-аналарды жазылған химиялық дәрі-дәрмектер туралы хабардар етуде дұрыс әрекет етпегендігін мойындады.

- Фтизиатрлар штаты бізде толық, ал мектеп медбикелері туберкулезге қарсы шаралар бойынша курстан өтті. Дәрігерлер де, медбикелер де ата-аналарға жүргізілетін химиялық терапия туралы айтуға және кеңес беруге міндетті болатын. Бұған қатысты мәселені біз шешетін боламыз,-деп мәлімдеді Б.Сақауов.

Ол туберкулез секілді қауіпті аурудың бактериясы әрбір адамның ағзасында өмір сүретіндігі туралы әңгімеледі. Және олар бастарын белгілі бір сырқаттардан кейін иммунитет төмендеген жағдайда, мәселен қатты салқын тиіп ауырғанда, сондай-ақ, дұрыс тамақтанбаған, қатты шаршаған кездерде көтеруі мүмкін. Осыған байланысты «манту» сынамасы жүргізіледі. Ол адам ағзасындағы туберкулез таяқшаларының өскендігін анықтайды.

- Демек, бұл аурудан қашып құтылудың бір ғана жолы- бұл химиялық терапия дегеңіз келе ме? Алайда, дәрігерлердің пікірінше, осындай күшті дәрілермен емдеу жүргізу жақсы тамақтану және басқа да анализдерді тапсыру секілді біраз кеңестерді сақтаумен байланысты екен. Ал, ата-аналарға бұл туралы жақ ашпаған. Сіздер туберкулез сырқатының статистикасы үшін балаларда басқа ауруларрдың пайда болатындығына қатысты жауапкершілікті өз мойындарыңызға алғыларыңыз келмейді ғой?

- Бұл дәрілерде қояншық ауруынан басқа сырқаттарға қарсы көрсетілімдері жоқ. Аса бір тамақтану тәртібін сақтаудың да қажеттілігі шамалы, жәй таблетканы сумен ішу ғана керек. Әрине, балалар таңертеңгілік астарын ішуге міндетті ғой.

 - Алайда, тұрмысы төмен отбасының балалары бар емес пе?

- Мен үнемі тұрмысы төмен отбасының балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесін облыстық деңгейде қойып жүрмін. 

-Сонымен сіз дәрі ішуге қарсылық білдіріп отырған ата-аналарға дәрілерін іше беруін немесе тоқтатуына қатысты қандай кеңес берер едіңіз?  

- Оларға белгіленген емдеу курсын түгел ішу керек деп ойлаймын.  

- Ал, мәжбүрлі үзілістер қалай болмақ?

- Бұл жағдайда емдеу курсы келесі күнге ауыстырылады. Ал, мөлшері өзгеріссіз қалады.

 ҚИЫН ТАҢДАУ

Ал, тәуелсіз фтизиатрлар пікірі бойынша, мантудың оң реакциясы туберкулезге 100 пайыз дәлел болып табылмайды. Диагнозды растау үшін бірқатар тексерулерден өтуге тура келеді. Көкірек қуысының флюорографиясы, қақырықтың микробиологиялық сынамасы, қан және несеп анализі алынады. Кейде аллергиямен, таяуда ауырған жұқпалы аурулардан, бір ай бұрын салынған екпе салдарынан, тіпті, экологиялық факторларға   да байланысты мантудың жалған оң реакциясы берілуі мүмкін. Ал, аллергия болған жағдайда сынама туралы аллерлологпен келісілуі тиіс. Бұл тұрғыда манту аллергияға қарсы дәрілерді қабылдау ретімен жасалуы керек.  Кез-келген жағдайда изониазид дәрумендермен және бауырды қорғайтын дәрілермен бірге қолданылуы керек.

P.S. Әрине, бұл жағдайда әрбір ата-ана аса қиын таңдау алдында тұр. Оның үстіне атыраулық дәрігерлердің туберкулездің алдын алудың бұл тәсілінің мақсаттылығы мейлі ол Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сілтеме жасағанымен сенімсіз болып көрінеді.  Бәлкім, олар осы химиялық терапияны құпия «Н» әрпіне жасырып қойған болар. Еліміздің басқа да аймақтарында дәл осылай болып жатқан болар. Ал, сонда басты медициналық ұстаным-зияныңды тигізбе дегеннің қайда қалғаны?

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген В.Истомин

 

Изониазид (тубазид)  - туберкулезге қарсы дәрі-дәрмек. Туберкулезді барлық оқшауландыру формасын емдеу үшін қолданылады. Дәрі ішек-қарын жолына жақсы сіңеді. Дәрінің терапевтілік концентрациясы қабылдағаннан кейін 1-2 сағаттан соң қанға таралады.  

Қарсы көрсетілімдері:Қояншық және талма ауруына бейімділігі, бұрын полиомиелитпен ауырған, бауыр және бүйрек қызметі бұзылған, атеросклероз. Жүктілік кезінде, ІІІ дәрежелі өкпе-жүрек ақаулығы, ІІ-ІІІ дәрежелі гипертониялық сырқат, жүректің ишемия ауруы, жүйке аурулары, бронхтық демікпе, псориаз, асқынған фазадағы есекжем, микседем (қалқанша безі қызметінің бұзылуы) сырқаттары болған жағдайда   изониазидті 10 мг/кг жоғары мөлшерде қабылдауға болмайды. Флебит (қан тамырларының асқынуы) барысында изониазидті тамыр арқылы салуға болмайды.  Жанама әсерлері: Изониазид және басқа да дәрі-дәрмектерді  (фтивазид, метазид және басқа) қабылдау барысында бас ауруы, бас айналу, лоқсу, құсу, жүрек маңының шаншып ауруы, тері аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін. Себепсіз көңіл жабырқаулылығы, ұйқының бұзылуы, сирек жағдайларда жүйкенің сыр беруі, сондай-ақ, бұлшық еттің семуі және аяқ-қолдың сал болып қалу қаупі бар. Кейде дәрілік гепатит (изониазид қабылдау салдарынан бауырдың асқынуы) байқалуы да мүмкін.  

14 сәуір 2011, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.