Атырау, 29 наурыз 19:46
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Учаскелік инспекторға үміткер сайлауға түседі

2 450 просмотра

Биылғы жылдан бастап полицияның учаскелік инспекторларын халық сайлайтын болады. Қазақстанның барлық облыстары бойынша ІІМ осындай бұйрық берген.

ІІД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының учаскелік полиция инспекторларының жұмысын ұйымдастыру бөлімінің ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы Ерлан РЫСҚАЛИЕВТІҢ айтуынша, сынақ ретінде осындай іс-тәжірибе екі жыл бойына Қазақстанның бірқатар облыстарында жүргізілген. Бұл сынақ жақсы нәтиже беріп, енді ІІМ бұйрығымен рәсімделген.

Бұл процедура былайша көрініс табады: учаскелік инспектор лауазымы пайда болғанда конкурс жарияланады. Полиция басшылығы бір орынға екі-үш үміткерден кем етпей, ниет білдірушілердің рапорттарын қабылдайды. Содан кейін оларға учаскеде жұмыс істеу бағдарламасын жасақтау үшін бір ай мерзім береді. Ал ақыр соңында сол учаске тұрғындарының жиналысында біреуі сайланады. «Әзірге Атырауда бос орындар болмағандықтан мұндай сайлау орын алған жоқ», - деп атап өтті Рысқалиев.

Лев ГУЗИКОВ

14 сәуір 2011, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.