Атырау, 25 сәуір 13:43
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Әкімді халықпен тілдесуге шақыру керек»

5 091 просмотра

Атырау-Доссор жолы арқылы өтетін өткел жабылғалы бері бір апта өтті. Бұған қала дайын емес екен: көлік кептелістері, кешігулер, осы факторларға байланысты жағымсыз жайттар... орын алуда.

ПЕССИМИСТЕР ШЫНДЫҒЫ

Көпірдің жабылатындығы туралы хабарланған күннен бастап қала тұрғындары жасаған ең жайсыз болжамдар расталды. Ақылға салып қарасақ, бұған қатысты биліктің әжептәуір уақыты болды: теміржолшылар көктем түсе бастағанда жол өткелін жауып тастаймыз деген еді. Бірақ қандай да болмасын дайындық шараларының жоқтығына қарағанда, қалалық әкімдік бұл уақытты пайдаланбапты. Халыққа уақытында хабарламады, жол жүру сызбасы (ауыр жүкті немесе транзитті көліктер үшін ғана емес, бұл тармақ, ең алдымен, бірнеше аудандарды қаламен жалғайды) көрсетілген ақпараттық қалқандарды орнатпады, көпір жабылғанда көп көлік қозғалысы өтетін көлік жолдарының жекелеген учаскелерін жөндемеді; айналма жолы арқылы жалғыз ғана баламалы тас жол қиылысатын тауарлы пойыздың кестесі туралы мәліметтер (бұл кестені, мәселен, БАҚ-тарға жариялауға немесе радиотолқындарда тікелей хабарлауға болатын еді) бермеді.

Тізімді жалғастыра беруге болар еді, бірақ бұл туралы «Жолөткел жөндеуге жабылады» («АЖ» №29, 18.07.13 ж.) мақаласындағы комментарийлерде біздің оқырмандарымыз жақсылап орындап шығыпты. Содан соң бізге: «өтінеміз, комменттегі бүкіл ұсыныстарды кеш болмай тұрғанда газетке жазсаңыздар немесе ашық хатпен әкімге жолдасаңыздар екен. Ол жерде өрт сөндірушілер де, жедел жәрдем де, милиция да шақыртумен келе алмайды... Балалар қыркүйектен бастап мектепке бара бастайды. Сіздер халықтың ұсыныстарын басшылығымызға жеткізе аласыздар ғой!»; ал енді біреулер: «Халықпен тілдесу үшін әкімді шақыру керек...» деген өтініштерін білдіріпті.

Төменде - өзекті мәселелер мен тиімді ұсыныстардан тұратын комментарийлерден алынған үзінділер келтірілген.

№№ 53 («Дина» базары– Талғайраң), 54 («Дина» – Бірлік), 59 (автовокзал– Геолог– Теңдік) бағытындағы қоғамдық көліктерге арналған соңғы аялдама енді Контейнердегі виадук жаққа көшкен. Ол жерден тұрғындар вокзалға, «Дина» базарына және Привокзальный ықшамауданына бара алады. Бұл адамдарды айналма жолмен тасығаннан гөрі шығыны аз жол. Алайда стихиялы түрде пайда болған соңғы аялдама далалық-әскери жағдайда деуге болады...№№ 53 («Дина» базары– Талғайраң), 54 («Дина» – Бірлік), 59 (автовокзал– Геолог– Теңдік) бағытындағы қоғамдық көліктерге арналған соңғы аялдама енді Контейнердегі виадук жаққа көшкен. Ол жерден тұрғындар вокзалға, «Дина» базарына және Привокзальный ықшамауданына бара алады. Бұл адамдарды айналма жолмен тасығаннан гөрі шығыны аз жол. Алайда стихиялы түрде пайда болған соңғы аялдама далалық-әскери жағдайда деуге болады...

ПОЙЫЗДАН САҚ БОЛ немесе КЕПТЕЛІС ТЫҒЫНЫ

- Кеше тауарлық пойыздың маневрінің аяқталғанын күткен кептелісте 1,2 сағат тұрып қалдым. Билікке сұрақ: жаппас бұрын, бәлкім, элеватордағы өткелдің жол төсемін, жолдар жүргізілген учаскелерді ретке келтірген дұрыс болар ма еді? Бұл кем дегенде. Ал әрі кеткенде осы тар өткелді кеңейтуге болар еді. Өйткені жолөткел жабылғаннан кейін оған қандай жүктің жүктелетіні анық болған еді ғой.

- АМӨЗ маңындағы теміржол өткелінде ақылға сыймайтын кептелістер болады. Бұл өткелді мүлдем алып тастауға болмай ма? Көп кедергі келтіреді. Цистерналарды анда-мында тасиды. Составтарды аумақ ішінде реттеуге болмай ма?

- Қазір ауа-райы ашық боп тұрғанда күн сайын кептеліс болады, ал ертең күзде не болмақ? Оған қоса студенттер мен оқушылардың сабақтары басталады.

- Жайықтың жоғарғы ағысына қарай ауыр жүкті көліктерге понтонды өткелдер жасау керек. Бұған қоса инженерлік-саперлік әскердің жауынгерлік әзірлігін тексересіздер.

- Ең болмағанда Элеватордағы жолды жөндеу керек, ол жерде шұңқырлар көп.

- СМП маңындағы темірді қашан алып тастайды, ол жерде үнемі кептелістер болады. Өткен жылы Теңдік стансасының маңынан жаңа тұйық салдық, мұны алып тастаймыз деп уәде беріп еді.

- Осы жолөткелдің ар жағында қанша адам өмір сүретінін және жұмыс жасайтынын ойлап қараңызшы. Жүз мыңдаған адам шығар. Оған саяжайшыларды қосыңыз. Өткелді бір жолаққа қалдыру керек, бірақ тек жеңіл көліктер үшін ғана. Жол инспекциясы қызметкерін қою керек немесе камера орнату қажет, ал жөндеу жұмысын өркениетті елдердегідей, түнде жасау керек.

- Болашақ әмбебап полиция айналма жол қиылыстарындағы пост қызметінің жұмысын күшейтуге дайындалып жатыр ма? Айналма жолдар әзір ме? Жөндеу жұмыстарын қозғалыспен қатар жасауды ойластыруға болмады ма? Неліктен құрылыс мерзімін қысқартуға болмайды, егер бәрін алдын ала дайындаса, бұл мүмкін нәрсе ғой.

- Ауыр жүк көліктері жолдарды бүлдіріп тастайды. Сонымен қатар, сіздер апат секілді фактілерді ескермегенсіздер. Осы учаскедегі кішкене апаттың өзі қаладағы бүкіл қозғалысты тоқтатып тастайды. Ал егер қар ерте жауса, онда мүлдем жаяу жүруге болады. Алдымен әлдебір баламасын, мәселен, понтон көпірін салып алып, жолдарды нығайту жұмыстарын жасау керек. Элеваторға бағдаршамдар орнатып, ол жердегі жолдарды жамау қажет. Содан соң барып жұмысқа кірісу керек.

- Биліктер №№8, 59 және т.б. автобус маршруттарының өзгеретіндігі туралы халыққа хабарлауы тиіс.

- Бүкіл транзитті Индер арқылы, оң жақ бөлікпен немесе Ақтөбе арқылы жіберу керек.

– Жолды қайта жарақтау және кеңейту жобасы қайда? Рұқсат құжаттары ше? Жобада жауапты тұлғалар мен органдар, мердігерлердің міндеттемелері, нақты мерзімдер, экологиялық сараптама, құрылыс материалдарын жеткізу, жол полициясын күшейту шаралары көрсетілуі тиіс.

P.S. Қалалық ТКШ бастығы Серікбай ҚАЗИЕВҚА комментарий алу үшін хабарласып, жол түйіндерінің сызбасын ұсынуды өтінгенімізде, ол телефон арқылы қала әкімі Айдарбековтің өкімі бойынша баспасөзбен байланысу тек ресми сауалдар форматында ғана болуы тиіс екендігін айтты (2013 жылдың 3 сәуірінде қала әкімінің атына №325 шығыс нөмірімен жолданған редакция сауалына әлі жауап жоқ екендігін еске салғым келеді – З.Б.). Газет пен оқырмандардың ұжымдық шығармашылығының осы жемісін редакцияның ресми сауалы деп есептеуді сұраймыз.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА және қала тұрғындары

1 тамыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.