Атырау, 25 сәуір 02:56
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Су тасқыны қаупі жоқ

5 300 просмотра

Көршілес Батыс Қазақстан облысында көп мөлшерде жауған жауын-шашындардың салдарынан дауылды ескерту мен су тасқыны қаупі жарияланды. Атырау қаласына да осындай қауіп төніп тұр ма?

Облыстық мобилизациялық дайындық, азаматтық қорғаныс, табиғи апаттарды ескерту мен жою жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Ерболат БЕКТЕМІРОВТІҢ айтуынша, біздің қаламыз үшін ешқандай қауіп жоқ екен. Батыс Қазақстан облысында Теректі, Тасқала және Зеленов аудандарын Жайық өзенінің емес, ұсақ өзендердің суы басып кеткен. Оның үстіне, біздің қаламыздың маңындағы Жайықтың деңгейі көпжылдық көрсеткіштен анағұрлым төмен. Облысымыздағы Ойыл, Сағыз, Ембі секілді ұсақ өзендердегі ахуал тұрақты, бұл жерден де елеулі су тасқыны байқалмайды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген В.Истомин

13 сәуір 2011, 19:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.