Атырау, 19 сәуір 22:40
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Ішік ұрлаушы ұсталды

2 967 просмотра

Полицейлер құндыз ішіктер ұрлаған деп күдіктелген әйелді ұстады.

ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢайтуынша, желтоқсан-қаңтар айларында қаладағы сауда орталықтарының бірінде әрбіреуі бірнеше мың доллар тұратын қымбат алты құндыз ішік ұрланған. Бір таңданарлығы, ұры түнде емес, ептілікпен күндіз сауда қызған шақта жұмыс істеген. Бөрік болса бір жөн, ішіктің жоғалғандығын сатушылардың қылмыскер ізін суытып үлгерген кезде ғана байқағаны қызық.

Полицейлер 30 жастағы Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстап, одан ұрланған екі ішікті тапқан. Қалғандарын осы уақыт ішінде ол сатып үлгеріпті. Дегенмен де жедел топ қызметкерлері барлық сатып алушыларды іздеп, барлық ішіктер тапқан.

ЛевГУЗИКОВ

30 наурыз 2011, 21:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.