Атырау, 20 сәуір 17:25
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Өмірге үшем келді

2 968 просмотра

Ақмұрзиевтар отбасы айналдырған бір-екі сағаттың ішінде әдеттегі отбасынан көп балалы отбасыға айналды. Жанұзақ пен Назгүлдің қызы мен ұлы ғана болатын, өткен жұма күні олардың қатарына екі ұл мен бір қыз бала қосылды.

Назгүл өзінде бір бала емес бірден үшем болатындығын  жүктілігінің 10-шы аптасында білді. «Естіген кезде, әрине, бір түрлі қорқып кеттім. Артынша, ойыма түрлі ойлар келе бастады, көзіме қуаныш жасы келді. Күйеуім екеуіміз бірден сәбилердің денсаулықтары мықты болып туу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын болып шештік. Дәрігерлер маған көбірек демалуға кеңес берді. Үйдегі жұмыс пен балаларды бағуды күйеуім өз мойынына алды. Ол маған үлкен көмек көрсетті»,-деп әңгімелейді Назгүл. Ол облыстық перзентхана үйіндегі әйелдер кеңесіне қаралды. Оның жүктілігін тәжірибелі дәрігер Сандуғаш ҒАБДУЛЛИНА бақылауға алды. «Оның жүктілігі жақсы өтті, өз жағдайына жауапкершілікпен қарады, дәрігердің барлық кеңестерін орындап отырды, демалу режимін сақтай білді. Қысқасы, ұқыпты пациеткамыз болды»,-деп күледі кесір тілігін жасаған облыстық перзентхана үйінің бас дәрігері Ұлжан ХАСАНОВА. Үшемнің ішіндегі қыз бала ең ірісі болып шықты - 2 кг 90 грамм, бойы - 47 см. және жарық дүниеге бірінші болып келген пысықтың өзі де сол болды. Оны анасы Аяулым деп атады. Аманбек пен Есенбек есімді екі ер баланың бірінің салмағы - 2004 г, бойы 46 см, екіншісі - 1980 г, бойының ұзындығы - 44 см. болды.

Бүгінде сәбилердің үшеуі де аналарының қасында, үшемге қарауға Назгүлге перзентхана үйінің қызметкері мен туысқандары көмектесуде. Үш бірдей шарананы бағудың қиын екендігін ескерген Назгүл көмекке өзінің анасын алдыртты. Енді кішкене балақайлар әжелерінің де әлдиіне бөленбекші. Әдетте, сәбилердің әрқайсысы бөлек жатады, біз оларды суретке түсірер кезде әуе ваннасын қабылдап жатты. Кейін олардың үшеуі бір керуетте пысылдап ұйықтап кетті. Үлкен бір керуетте қатарласа жатқан үшемді меңзеген біздің фототілшіміз: «Оларға тар емес пе?»,-деп әзілдеді. Назгүл күлді де: «Керісінше, оларға осылай жатқан дұрыс шығар!»,-деді. Біз сіздерді сол үшемнің суретін көрсетіп қуантқымыз келген, алайда, олардың ата-аналарының өтінішімен жарияламауға шешім қабылдадық. Тіфә, тіфә, тіл-көзден сақтасын!

Зульфия ИСКАЛИЕВА

30 наурыз 2011, 22:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.