Атырау, 19 сәуір 08:45
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Мұрагерде» алтын ұрланды

3 480 просмотра

Қаладағы базарлардың біріндегі күзетшілер осыдан үш-төрт күн бұрын «Мұрагер» сауда орталығында алтын бұйымдары ұрланып, бес адамға оқ атылғандығы туралы хабарлап еді.

Бес адамның төртеуі күзетші екен де, біреуі күзетшілікте тұрған әкесіне тамақ тасып келе жатқан оқушы қыз екен. Сондай-ақ, күзетшілердің айтуынша, бұл қыз бала сауда орталығының сыртқы есігінен кіре бергенде оққа ұшқан көрінеді. Осы бесеуінің ішінде біреуі көз жұмған деседі. Бұл ақпардың қаншалықты рас-өтірігін анықтау мақсатында ресми жауап алу үшін «АЖ» тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлназира МҰХТАРОВАҒА хабарласқан болатын. Оның айтуынша, «Мұрагер» сауда орталығында алтын ұрлау оқиғасы тіркелгенімен, атыстың болғандығы туралы мәлімет жоқ. «Наурыздың 22-сі күніне қараған түні белгісіз біреулер «Мұрагер» сауда орталығының екінші қатарында орналасқан бутиктің ішінен алтын бұйымдары бар темір жәшікті ұрлап кеткендігі туралы арыз келіп түсті. Қазір іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр» деп мәлімдеді баспасөз хатшысы.

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

30 наурыз 2011, 22:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.