Атырау, 29 наурыз 12:13
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Тәжірибең болса, жұмыс та табылады

3 132 просмотра

Жас мамандардың көпшілігі жұмыс тәжірибесі болмаса жақсы компанияға жұмысқа орналасу мүмкін емес екендігін түсініп, жастар тәжірибесінің мемлекеттік бағдарламасының көмегі арқылы алдымен осы тәжірибені жинақтауға дайын. Жаңа жылдан бастап жастар тәжірибесінен өту ережесі анағұрлым өзгерген.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің орынбасары Мергенғали БЕЙІСҚАЛИЕВТІҢ айтуынша, жастар тәжірибесі уақытша болса да жоғарғы оқу орындары мен колледж түлектеріне жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Осы уақыт ішінде қажетті тәжірибе жинақтай алады, ал егер жолдары болып кетсе, сол компанияда тұрақты қызметкер ретінде қала алады. Мұндай жағдай жиі орын алмаса да болып тұрады. Мәселен, өткен жылы 350 «жас тәжірибеден өтушілердің» 10-ы өз орындарында қалған.

Өкінішке орай, жастар тәжірибесінен тек бір рет қана өтуге болады: «ілігіп» кете алмаса, екінші рет мүмкіндік болмайды. Бұдан басқа, биылғы жылы ережеге кейбір өзгерістер енген. Егер бұрын жастар тәжірибесіне 24 жасқа дейінгі түлектер жіберілсе, енді 29 жасқа дейінгі жастар жіберілетін болған. Алайда қызмет ету саласы азайған: енді түлектерді тек жеке кәсіпорындарға ғана болмаса, мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік мекемелерге жіберуге болмайды. Бұдан басқа, қатысушылардың өздеріне де қойылатын талаптар күшейтілді – олардың жұмыс тәжірибелері бір жылдан аспауы тиіс.  

Тәжірибенің жоғарғы мерзімі бұрынғыша қалды (6 айға дейін), ал республикалық бюджет төлейтін еңбекақы мөлшері айына 20 мыңнан 26 мың теңгеге дейін көбейген. «Биылғы жылы жоспар бойынша уақытша тәжірибеге 180 түлек орналасуы тиіс, бұған республикалық бюджеттен 28 млн. теңге бөлінеді», - дейді М.Бейісқалиев. Көбінесе заңгерлер, экономистер және компьютер қызметкерлері жұмысқа орналасу жөнінде өтінішпен шығады. Ал бүгінде нарықта мүлдем басқа мамандықтар – краншілер, әмбебап жүргізушілер, агрономдар, мал дәрігерлері сұранысқа ие болуда.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

30 наурыз 2011, 19:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.