Атырау, 20 сәуір 11:04
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Бітімгершілік – бабалар жолы

4 860 просмотра

Биылғы жылдың 28-ші қаңтарында елбасы «Медиация туралы» заңға қол қойды. Бұл заң азаматтық және қылмыстық процесстерде дауды шешудің баламалы тәсілі ретінде медиация институттарының енгізілуін қарастырады. Заң оған қол қойылған күннен бастап жарты жылдан соң күшіне енеді. 

Сонымен – медиация деген не? Википедия мынадай түсінікті берді: «Медиация – үшінші бейтарап көзқарасты ұстанатын тараптың - медиатордың қатысуымен дау-жанжалды шешудің баламалы әдістерінің бірі, ол тараптарды өзара бітімге келуге көмектеседі. Еріктілік, құпиялылық, тараптардың тең құқылығы, медиатордың бейтараптығы, процедураға араласуға жол бермеушілік принциптерімен негізделеді».

Қысқаша айтқанда, медиация кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін анықтауға емес, өзара тиімді шешімді табуға бағытталған. Яғни, жанжалдасушы тараптар сотқа дейін де, сот барысында да кәсіби бітімгерге жүгінеді. Ол дауды тыңдаған соң, тиімді шешімді ұсынады.

Бүгінде бүкіләлемдік тәжірибеде медиация ірі бизнестерден бастап, ажырасу мен дүниені бөлісу деген сияқты мәселелерге дейін кеңінен қолданылады. Халықаралық статистикаға жүгінетін болсақ, бүкіл келіспеушіліктердің 30-40 пайызы мадиация арқылы өткізіледі, ойдағыдай нәтижеге оның 85 пайызы ие болады екен. Айтпақшы, кеңестік дәуірден кейін медиацияны алғаш боп қылмыстық істерді шешу үшін Молдова мен Литва қолданған. Бұл елдердің соңғысы іс жүзінде мұндай тәжірибеден экономикалық тиімділікке қол жеткізген: Литвадағы заң күшіне енгеннен кейінгі алғашқы жарты жыл ішінде жарты миллиондай еуро үнемделген. Ал егер Қазақстан туралы айтар болсақ, билер сотының жүйесі осының түптұлғасы боп табылады. Олардың тарихта бейбітшілікті орнықтыру жолында қызмет еткені мәлім.

Қабылданған Заңға назар аударайық. «Maximum» адвокаттық кеңсесінің аға серіктесі Айдос ИБРАЙЫМОВТЫҢ айтуынша, медиатор қызметі кәсіби де, кәсіби емес те негізде жүзеге асырылады. Жоғарғы білімі бар, 25 жасқа жеткен, ҚР Медиаторлар ассоциациясынан (одағынан) арнайы оқығандығын растайтын сертификаты бар тұлғалар кәсіби медиатор бола алады. Ал 40 жасқа толған азаматтар кәсіби емес медиатор бола алады. Кәсіпқойлар тізімін (тізілімін) Ассоциация жасайды, ал кәсіби емес негізде медиатор болғысы келетіндер тұрғындар жиыны хаттамасының негізінде жергілікті атқару орындарына келуі тиіс. Әрине, мұндай адамдар халық алдында кіршіксіз беделге ие болуы тиіс, билер деген осындай адамдар.

Медиатордың еңбегі кәсіпкерлік қызмет боп табылмайды, ол сонымен қатар кез-келген салада жұмыс істей алады. Алайда бұл жанжалды ол тегін шешуге міндетті деген сөз емес. Медиатордың еңбегі тараптардың келісімі бойынша төленеді.

Мұнымен қатар, мемлекеттік қызметкерлер, тергеуге алынған қабілеті жоқ адамдар, сондай-ақ жазасы өтелмеген немесе сотталғандығы кешірілмеген тұлғалар медиатор бола алмайды.

Медиация тек жеке құқықтық қатынастарға ғана қолданылады. Ол тараптардың бірі мемлекеттік орган болатын құқықтық жанжалдарға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қолданылмайды.

Медиатордың судьядан айырмашылығы – медиатор жанжалға қатысушылармен болатын келіссөздерге белсенді қатыса алады, ал судья мұны жасай алмайды, ол араласпаушылық принципін ұстануға міндетті. Медиацияға бар болғаны 30 күн уақыт беріледі, ал соттар айларға, тіпті жылдарға созылады.

Медиация туралы келісімге қол жеткізгеннен кейін, егер іс сотта қаралса, ол сотта бейбіт келісім секілді мақұлданады. Дауласушы тараптар медиация туралы келісім-шарт және сотқа дейінгі тәртіппен жанжалды реттеу туралы келісім жасаған жағдайда, келісім  дауласушы тараптар оны ерікті түрде орындауға міндеттеледі дегенді білдіреді. Ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша жәбірленуші тарапқа келген залалдың орнын толтыру және оларды татуластыру арқылы  жанжалды реттеу туралы келісім жасау әрі қарай қылмыстық қудалауды тоқтататын жағдай боп табылады, сөйтіп ҚР ҚК-нің 67-бабы бойынша іс тоқтатылады.

Бұл негізгі кезеңдер ғана, алайда тек кәсіби заңгерлерге ғана емес, медиатор болғысы келетіндер үшін де қызықты болатын жайттар баршылық.

Лев ГУЗИКОВ

30 наурыз 2011, 19:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.