Атырау, 29 наурыз 06:24
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ойындары осылды

3 186 просмотра

Атырау облыстық қаржы полициясының департаменті «Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бұрынғы бастығы Ж-ға, «Облыстық «Атырау» волейбол командасы» МҚКК директоры М-ға, осы кәсіпорынның есепшісі Х-ға, волейбол командасының бас бапкері З-ға және т.б. тұлғаларға» қатысты  ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабының 3-тармағы («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету») бойынша қылмыстық іс қозғады.

Олар «Атырау» волейбол командасының шетелдегі оқу-жаттығу жиындары кезінде іссапар шығындарына жалған құжаттар бойынша ресімделген 28 млн теңгені жымқырған деп күдіктелуде.

Қаржы полициясының баспасөз қызметінің тұлғалардың аты-жөндерінің бірінші әріптерін ашып айтудан бас тартқанына қарамастан, «облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бұрынғы бастығы Ж-ның», Бергей РЫСҚАЛИЕВ облыс әкімі қызметінен кеткен бойда өз еркімен жұмыстан кеткен Берік ЖАНКЕЕВ екенін сенімді түрде айтуға болады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

19 сәуір 2013, 19:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.