Атырау, 29 наурыз 14:20
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атырау төріндегі Наурыз

9 672 просмотра

Бізде, Батыс Қазақстанда Наурызды тойлау 14-ші наурыздан басталып кетеді. Бұл күні көрісу басталады. Адамдар көктемнің келуімен, бір жасқа шығуларымен бір-бірін құттықтайды.

Алдымен үлкендерді құттықтау керек, сондықтан да Наурыз мерекесінің мерекелік шараларының  әжелердің қызықты сайысымен басталғаны таңғаларлық емес. 17 наурызда Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде өткен сайысқа өз өмірлерінен сыр шерткен, бала тәрбиесі мен небір дәмді тағамдарды дайындаудың, қолөнерлік шеберліктің  құпиясымен бөліскен ақ жаулықты аналарды әже деуге қимайсың. Әлі де күш қайраттары басым, нағыз ширақ келіншектер десе де артық болмас және олардың өмірден көрген-түйгендері мен білгендерін кейінгілерге үйретпеуі оларға сын болған болар еді.  

Жұма және сенбі күндері наурыз мерекесі барлық мектепке дейінгі және оқу мекемелерінде атап өтілді.  

Наурыз Исатай-Махамбет алаңында кең түрде тойланды. Көктемді қарсы алуға арналған театрландырылған қойылымдар қойылып, ұлттық киім киген қыздар мен жігіттер қонақтарға наурыз көже мен бауырсақтарды ұсынды. Қазақ халқының басынан өткен тарихын әртістер көне дәуірден бүгінгі күнге дейін бейнелей келіп, күні кешегі өткен олимпиаданы да көрермендер назарына ұсынды. Білек күшін сынасқандар мен  ұлттық ойын ойнаған жастар мерекенің сәнін келтірді. Артынша түрлі ұлттық диаспораның өкілдері өз құттықтауларын жолдады. Спорттық жарыстар Қайырғали Смағұлов атындағы саябақта жалғасты. Жігіттер мен қыздар, жасөспірім балалар түрлі (арқан тарту, асық ату, армрестлинг, тартыс) эстафеталық ойындарды ойнады. Жеңімпаздарға ескерткіш сыйлықтар тарту етілді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суреттерді түсірген  В. Истомин

23 наурыз 2011, 21:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.