Атырау, 24 сәуір 06:39
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Есірткі заты тәркіленді

2 958 просмотра

Наурыз айының басында Атырау облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің кызметкерлері Атырау станциясының жол полиция басқармасының қызметкерлерімен бірге жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 1989 жылғы Атырау қаласының тұрғынын ұстады.

Облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Жанар БАЙҒАЛИЕВАНЫҢ хабарлауынша,ұсталған азаматгазет парақшасына оралған жасыл түсті, ерекше иісі бар затты 1980 жылғы азаматқа сатқан.

Табылған зат сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы – 3,27 грамды құрайтын, «марихуана» есірткі заты екендігі анықталды.

Бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

17 наурыз 2011, 19:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.