Атырау, 16 сәуір 16:31
 ашықВ Атырау +16
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Президент хиджабқа қарсы

4 914 просмотра

Елімізде әсіредіншілдіктің ауа жайылуына байланысты соңғы уақыттары хиджаб мәселесі қоғамдық дауға айналған. Бүгін Астанада мемлекеттік мекемелер, әсіресе оқу орындары тарапынан хиджаб киюге қатаң тиым салынуына байланысты бірнеше әйелдің аштық жариялауды бастағанын да айтқанбыз.

Олар өз талаптары туралы Елбасынан бастап бірқатар құзырлы орындарға хат жолдағанын айтқан. Жағдай ушыққан сайын әсіредіншілдер де, қоғам да бұл туралы Елбасының пікірін білуге ынтық болды.

Міне, киелі Түркістанға іс-сапармен барған Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев өзінің көзқарасын білдіріп, нақты ұстанымын айтты.

Елбасы қазақ қыздарының, қазақстандық бойжеткендердің паранжа жамылып, хиджаб киіп жүруіне қарсы екенін айтты.

«Мен мұндайға мүлдем қарсымын. Әсіресе оқудағы жас қыздардың паранжа мен хиджабқа әуестігін қолдамаймын. Біздің тарихымызға көз жүгіртсек ата-бабаларымыз ұстанып келген дінімізде ондай дәстүр болған жоқ. Біз ақиқат Ислам мен Ислам атын жамылған ағымдарды айыра білуіміз керек» деді Н.Назарбаев.

Бәсе, осылай болуы керек қой. Қазақ дінге қарсы емес, қазақ салт-дәстүрді жоюға қарсы. Дәстүрінен айырылған ел ұлттық болмысынан да айырылады. Мұны бабаларымыз жақсы білген. Ал қазақтың салт-дәстүрі Исламға қайшы келмейді.

Дереккөз: masa.kz

11 наурыз 2011, 17:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.