Атырау, 29 наурыз 03:14
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Шымкентте күйеуін өлтірді деген күдікпен ірі кәсіпкердің зайыбы қамауға алынды

2 963 просмотра

АСТАНА, 19 ақп – Қазақастан жаңалықтары АА. Шымкентте күйеуін өлтірді деген күдікпен ірі кәсіпкердің зайыбы қамауға алынды, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтарына Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД-сінің баспасөз қызметінде.

2010 жылдың 03 сәуірде жұмбақ жағдайда қалалық автокөлік базарының қожайыны қайтыс болған еді. Полиция бөліміне оның өлімі туралы жәбірленушінің анасы арызданған. Әл-Фараби полиция бөлімінің тергеушілері сот-медициналық сараптама тағайындап, сол жылдың сәуір айында сараптаманың қорытындысы берілген. Өлім себебі, аминазинмен өткір улану (аминазин – жүйке аурулармен ауыратын науқастарды емдеуге арналған дәрі-дәрмек).

Сараптама қорытындысының нәтижесі бойынша Ішкі істер басқармасы ҚР ҚК-нің 96-бабы «қасақана кісі өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қайтыс болған азаматтың жеке өмірі және оның араласатын ортасын тексере келе, полиция қызметкерлері бірнеше болжам бойынша жұмыстар жүргізді. Негізгі болжам – байлығын иемдену мақсатында ауыр қылмысты жасаған өзінің жақын туыстары болуы мүмкін деген тұжырымдама жұмыстары жүргізілді. Қылмыстық істің күрделілігін ескере отырып, департамент тергеушілері істі өз өндірісіне қабылдады. Осы өткен жылдар аралығында қасақана кісі өлтіру қылмысына қатысы бар деп 1965 жылы туылған әйелінің үстінен айғақты заттар жинақталды. 

2013 жылдың 14 ақпанында ғана ОҚО ІІД Тергеу басқармасының тергеушісімен іскер азаматтың өліміне қатысы бар деп айыпталушы ретінде қаулы шығарды. Ауыр қылмысқа баруы, оның қызғаныш пен арам ойы болғаны тергеу барысында анықталған. Күйеуінің спирттік ішімдік ішетінін білетін әйелі, күн сайын шырын суларына жүйкеге әсер ететін тыныштандырғыш дәрі-дәрмектерді қосып беріп отырған. Нәтижесінде осы дәрі-дәрмектер іскер азаматты өлімге әкеліп соқтырған. 

Қылмыстық істі жүргізуге кедергі жасау үшін бір ауылдық жердің учаскелік инспекторын ақшаға көндірген. Сол учаскелік инспектор 14 ақпан күні өзінің қызмет бабын пайдаланып, шамамен 21.00-ден кейін Ішкі істер департаменті ғимаратына кіріп, аса ауыр қылмыстық іспен айналысатын тергеушінің есігін бұзып одан кейін, сейфті бұзып ашып оның ішіндегі кәсіпкердің өліміне қатысты қылмыстық істерді ұрламақшы болған. Оқиға болған жерден айғақты заттар алынып, бірнеше сараптамалар тағайындалды. Нәтижесінде сол күні 1984 жылы туылған полиция капитаны учаскелік инспекторы анықталып, 17 ақпан күні қамауға алынып оның үстінен ҚР ҚК-нің 2 бабы 307-бап «Қызмет өкiлеттiгiн терiс пайдалану» және 324-бап «Құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi ұрлау немесе бүлдiру» бойынша қылмыстық іс қозғалып, 17 ақпанда қамауға алынды.

Дереккөз: newskaz.kz

19 ақпан 2013, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.