Атырау, 29 наурыз 15:35
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Аймақтық кеден департаменттері құрылады

8 009 просмотра

Кеден қызметі қандай? Халық олардан не күтеді? Осы да басқа сауалдарға қатысты жауап наурыздың 1-і мен 3-і аралығында Атырау облыстық кедендік бақылау комитетінің оқу-әдістемелік орталығында өткен республикалық семинарда айтылды. Үш күндік семинар – «Кеден органдарының имиджін дамыту және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс» деп аталды.

Облыстық кедендік бақылау департаментінің бастығы Құрманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ (суретте) семинарға қатысушыларғаАтырау облысыбойынша кедендік бақылау департаменті республикалық бюджетке соңғы екі айда 50 млрд. теңге пайда түсіргенін мәлім етті. Сондай-ақ, бұл көрсеткішті өзге өңірмен салыстыра келе, Павлодар облысының кедендік бақылау департаменті жылдық жоспарын 40 млрд. теңге етіп тапсырғанын мысал етіп келтірді. Десек те, бұл әр аймақтың әлеуметтік ахуалына байланысты деді ол. Ал Астанадан келген ҚР қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан БАЙТАНАЕВ (суретте төменде) болса, бүгінде мемлекет бюджетінің 43 пайызы кеденшілердің үлесінде екендігін атап өтті. Оған қоса, алдағы жылы бюджетке түсіретін табыстың мөлшерін 1 триллионға дейін апаратынын айтып қалды. Және, былтырғы жылы Кеден Одағының жұмысын насихаттасақ, биыл құқық қорғау органдарының жұмысын көбірек үгіттейтін боламыз деп отыр.   

- Біз алдағы уақытта жоспарға сәйкес, елдегі кеден органдарын өңірлік кеден департаменті етіп құрайын деп жатырмыз. Әзірге, 1-шілдеден бастап Кедендік Одағы толық күшіне енген соң, сынақтық жоба ретінде Ақмола облысы мен Астана қаласындағы кедендік бақылау департаментін бір өңірлік және Алматы облысы мен Алматы қаласы департаментін бір өңірлік етіп бөліп көреміз. Сонымен қатар, олар батыс өңірлік кедендік бақылау департаменті, шығыс өңірлік кедендік бақылау департаменті, орталық батыс өңірлік кедендік бақылау департаменті болып бөлінбек. Батыс өңірлік кедендік бақылау департаментінің орталығы Ақтау қаласында орналасады. Атырау мен Оралдағы департамент кедендік бақылау басқармасы болып қалады. Қызметкерлерді қыстартулар болмайды. Өйткені, біздің кеден органдарында онсыз да адам саны жетіспейді, - деді ресми өкіл Ержан Қалиұлы.

Сондай-ақ, ресми өкіл биыл 1-шілдеден бастап Ресеймен шекаралас кеден бекеттері толық жабылатынын тағы бір еске сала кетті. Ал жабылатын кеден бекеттеріндегі қызметкерлер оңтүстік өңірлердегі шекараларға ауыстырылады. Мәселен, Атырау облысындағы қызметкерлер Түрікменстанмен шекара жаққа, Маңғыстауға және ішкі кеден бекеттеріне (кедендік рәсімдеу орталығы мен авторәсімдеу орталығы, мұнай орталығы) орналастырылады.

Кедендік бақылау комитетінің ресми өкіліәр қаладағы кедендік бақылау департаменттерін бір өңірге біріктіру – сыбайлас жемқорлықпен күресті нығайту үшін жасалуда екендігін айтады. Яғни кеден саласындағы басшылар саны азайып, жұмыс істейтін қатардағы кеден қызметкерлерінің санын көбеймек.

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

Суретті түсірген автор

9 наурыз 2011, 21:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.