Атырау, 19 сәуір 19:04
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Армениядағы президент сайлауында Серж Саргсян жеңіске жетті

2 540 просмотра

Армениядағы президент сайлауында қазір ел басқарып отырған Серж Саргсян жеңіске жетті. Бұл туралы ИТАР-ТАСС елдің Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін, 19 ақпанда Армениядағы барлық 1988 сайлау учаскесінде дауыс беру қорытынысы өңделіп, нәтижесі жарияланды. Екінші рет додаға түскен Серж Саргсянға сайлаушылардың 58,64 дауыс берді, деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Тигран Мукучян.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, екінші орында тәуелсіз Арменияның бірінші сыртқы істер министрі, АҚШ-тың бұрынғы азаматы Раффи Ованесян тұр. Ол 36,75 пайыз дауыс жинапты. Ал үшінші орындағы 1993-1996 жылдары Арменияның премьер-министрі қызметін атқарған, қазір парламент депутаты, "Свобода" партиясының көшбасшысы Грант Багратян 2,15 пайыз дауыс жинаған.

Дереккөз: bnews.kz

19 ақпан 2013, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.