Атырау, 23 сәуір 17:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Күйеден арылып, қайта оралды (толықтырылды)

5 082 просмотра

Біздің дереккөздеріміз ұсынған ақпарат бойынша, Сәлімжан НАҚПАЕВ Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына қайта отырмақ.

Бұрынғы облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫҢ  тікелей бұйрығы бойынша ҚР ҚК-нің «Өзінше билік ету» бабы бойынша 2012 жылы сәуірде сотталған Нақпаев жәбір көрсеткен шефінің отставкаға кетуіне қатысты негізгі рөл ойнады деседі. Ол Ақорданың көзін ашқан жан ретінде саналады. Кешікпей тамыз айында бұрынғы әкім отставкаға кетті, содан кейін миллиардтаған бюджет қаржыларының ұрлануына қатысты тергеу ісі қозғалды (бүгінде бұл 42 млрд теңгеден астам сомадағы 42 қылмыстық іс).

«АЖ» анықтамасы: С. Нақпаев 2003 жылдан бастап Атырау облысы әкімі аппаратының жетекшісі, Жылыой ауданының әкімі, облыс әкімінің орынбасары, 2006-2009 жылдар аралығында Атырау қаласының әкімі, содан соң 2009-2010 жылдар аралығында – Атырау облысы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары боп қызмет атқарды.

Рысқалиевтың отставкасынан кейін іле-шала Нақпаевтың ісі қайта қаралып, 2012 жылдың қыркүйегінде ол толықтай ақталып шықты да, күні кешеге дейін - бұрынғы орнына қайта тағайындалатындығы туралы әңгіме жүргенге дейін ғайып болған еді. Сыбыс бойынша, ол жақын арада үйқамағына алынған облыс әкімінің орынбасары Асқар ӘБДІРОВТІҢ (ТКШ және энергетика саласына жетекшілік еткен) орнына жайғаспақ.

Облыстық әкімдік аппаратындағылар, соның ішінде кадрлар бөлімі тағайындау жөнінде ресми түрде түсінік беруден бас тартты. Бірақ билікке де, Нақпаевтың ортасына да жақын бірнеше адамдар, оның «құттықтауларды қабылдап жатқанын» растады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

P.S. 19 ақпанда Б. ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ бұйрығымен С. НАҚПАЕВ облыс әкімінің орынбасары боп тағайындалды.

15 ақпан 2013, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.