Атырау, 29 наурыз 09:43
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қамқоршы Кэрол

2 806 просмотра

Нұрсұлтан баскетбол ойнайдыНұрсұлтан баскетбол ойнайдыДәнекерлеуші болғым келеді, - дейді №1 облыстық мектеп-интернаттың 9-сынып оқушысы Нұрсұлтан. Оның екі үлкен ағасы бар екен, біреуі отбасын құрған, ал екіншісі студент. Енді Нұрсұлтан да білім алып, өз өмірін өзі құрғысы келеді. Бұл бойшаң жігіт қазір баскетбол секциясына қатысып жүр.  Ол өзі туралы ол көп ашылып айтқысы келмейді. 

- Ал мен 8-сыныпта оқимын,- дейді ұзын шашын артына қарай өрген Лиза. Ол өзі сондай шығармашыл жан: қайырымдылық шараларына да, концерттерге де қатысады, билейді, ән айтады, баянда шебер ойнайды. - Мектеп бітіргесін аудармашыға оқып, жақсы маман иесі атанғым келеді. Білесіз бе,  бізге өз қалауымен келіп, ағылшын тілін үйрететін Кэрол есімді әйел бар.

 

МИССИС КАВАНО

Бізді қолына кішкентай күшігін ұстаған орта жастағы, бірақ еңсесі тік, сұңғақ бойлы, ашаң жүзді әйел адам қарсы алды. Кэрол кіре бергеннен күшікті Жайық өзенінің жағасынан тауып алып, үйіне алып келгенін, сол себепті де оны River деп атағанын айтып жатты. Кофе мен жеміс-жидегін ұсынған Кэрол бізге 4 жылдан бері жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған интернатқа барып, балалармен араласып жүргенін жеткізді.

- Біздер - американдықпыз, жолдасым ТШО-да жұмыс жасайды, осында  тұрып жатқанымызға 5 жылдай уақыт болды. Өмір бойы медбике болып жұмыс жасадым, еңбек еттім, мұнда келген соң да жұмыссыз қарап отыра алмадым. Қасымдағы екі құрбыммен сол кездегі «Ақбота» балалар үйіне барып, өзімнің бар білгеніммен бөлісуді ойладым. Міне, бәрі осылай басталды. Кейін жас болғасын, бұл жұмысқа уақыттары болмады, ал мен кете алмадым, балаларды қимадым. Мен оларға ағылшын тілін сабақтарын жүргізбеймін, тек тілді техникалық жағынан меңгеруге көмектесемін. Дүниетанымдарын кеңейтіп, білім алуға құштарлықтарын оятуға тырысамын. Себебі, білімді адамның өмірі әлдеқайда қызық, олардың мүмкіндіктері де мол.

Лиза аудармашы болғысы келедіЛиза аудармашы болғысы келедіҮстелдің астында жүгіріп жүрген кішкентай күшік әлсін-әлсін иесін иіскелеп қояды. Оны өте жақсы баптайтыны көрініп тұр.

- Менен көбі: «Бала асырап алғың келіп жүр ме?» деп сұрайды. Жоқ, біздің үш баламыз бар. Олар есейіп, ер жеткен. Мен ондағы балаларға жай ғана дос болғым келеді. Өмір тез өтіп жатыр, бірнеше жылдан кейін олар ер жеткенде «осындай жан болып еді» деп мені естеріне алса, менің босқа жүрмегенімнің жемісі деп білемін. Осының өзі адамға үлкен қуат береді.

- АҚШ-та жетімдердің жай-күйі қандай?

- Америкада үкімет жетімдерге, әрине, үнемі көмектесіп отырады. Тегін білім алу, медициналық қызметтерді пайдалану секілді басты қажеттіліктер оларға заңды түрде тиесілі. Бірақ мұндағыдай жетімдерге арналған арнайы үйлер жоқ. Ата-анасыз қалған балаларды кейбір қайырымды отбасылар асырап алып жатады.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суреттер автордікі және Кэрол Каваноның жеке мұрағатынан алынды.

7 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.