Атырау, 29 наурыз 00:17
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Сенімді теңге мен тартымды рубль

10 451 просмотра

Банкирлер ақшаны ұлттық валютамен сақтағанды және несиеге алғанды жөн санайтын адамдардың саны жыл сайын өсіп жатқанын атап өтті.

Өткен жылы екінші деңгейлі банктердің жергілікті филиалдары 187,1 млрд теңге сомаға несиелер берген, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 50 млрд теңгеге көп. Мұнда ұлттық валютадағы несиелерді беру 52 пайызға 176,5 млрд теңгеге өскен. Ал шетелдік валютада, керісінше, 49,8 пайызға10,6 млрд теңгеге азайған.

– Бұл үрдіс бірнеше жылдан бері байқалады, халықтың теңгеге сенімі артып келеді, - дейді «ҚР Ұлттық банкі» АФ экономикалық талдау және статистика бөлімінің жетекші маман-экономисі Асхат ЕРМЕКОВ.

2012 жылдың желтоқсанында заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген несиелер бойынша орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемесі 11,7 пайызды (2011 жылдың осы мерзімінде – 12,7 пайыз), жеке тұлғаларға – 21,3 пайызды (21,2 пайызды) құраған.

Айырбастау қосындарындағы қолма-қол шетелдік валютаны сату-сатып алу көлемдеріне жасалған талдау атыраулықтардың еуроға қызығушылық таныта қоймайтынын дәлелдеді. Сатып алу 9-дан 6,3 млн-ға дейін, сату – 22,8-ден 16,1 млн еуроға дейін азайған. Банкирлер мұны біздің азаматтарымыздың Еуропаға бару сапарының азаюынан болар деп түсіндіріп отыр.

Ресейлік рубльді айырбастау, керісінше, айналымды көбейткен. Бұған Кедендік одақ аясындағы біздің елдеріміз арасындағы сауда айналымының үнемі артуы себепші болып отыр. Сатып алу көлемі 2 есе дерлік – 242 млн-нан 460 млн рубльге дейін көбейген. Сату көлемі 670 млн-нан 1 млрд рубльден астам мөлшерге дейін өсті.

Доллар айналымының көлемі жыл сайын 10-20 пайызға көбейеді.

Бұл үрдіс көп жылдар бойына өзгеріссіз келе жатыр. Өткен жылы сатып алу 108,6 млн-нан 129,4 млн долларға дейін, сату көлемі – 605,9 млн-нан 625,1 млн долларға дейін өсті. Орташа өлшенген курс 2012 жылдың желтоқсанында 150,88 теңгеге тең болды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

7 ақпан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.