Атырау, 20 сәуір 07:20
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жүрдек пойыз астанаға жол тартпақшы

3 553 просмотра

Жазда теміржолда көптен күткен «Атырау-Астана» маршруты ашылады.

Астанаең таңдаулы дегенжолаушылар бағыты болып табылады, онда Атырау халқы квота бойынша жиі баратын ірі емдеу орталықтары орналасқан. Жазда Бурабайда дем алуға бағыт алған жолаушылар легі артады. Қазір атыраулықтар ақтөбелік пойызға тіркейтін екі жалғамалы- бірі плацкарт және екіншісі купе вагондардың ғана қызығын көріп отыр. Жазда әдетте жалғанатын вагондар саны артқанымен жағдай сол қауырт күйінде қалып отырады. Мұны билеттік алыпсатарлар да пайдаланып қалады. Мәселен, Астананың билетін 10 мың теңгеден сатады. «Бізден басқа барлық аймақта облыс орталықтарын Астанамен байланыстыратын пойыздар бар. Біз бұл мәселені «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығының алдына бірнеше мәрте қойған болатынбыз, міне, енді бізге жеке жүрдек пойызды бөліп отыр»,-дейді Атырау теміржол вокзалының бастығы Гүлсім БИТАШЕВА. «Атырау-Астана» пойызының қозғалысы 1-маусымнан басталады. Ол күнара жүретін болады. Пойыз құрамы 400 жолаушыға есептелген және ол 10 вагоннан тұрады. Оның бесеуі-купе, бесеуі-плацкарт.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 наурыз 2011, 21:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.