Атырау, 19 сәуір 20:36
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Атырау облысы әкімінің орынбасары Асқар Әбдіров ұсталды (толықтырылды, +қаржы полициясының ақпараты)

9 437 просмотра

Солдан оңға қарай: А.Әжіғалиева, А.Әбдіров, Б.Дәукенов, Б.Рысқалиев, М.Есмұратов, А.Керімов.Солдан оңға қарай: А.Әжіғалиева, А.Әбдіров, Б.Дәукенов, Б.Рысқалиев, М.Есмұратов, А.Керімов.Кеше, 31 қаңтарда облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Атырау облысы әкімінің орынбасары Асқар ӘБДІРОВТІ ұстады.

Бізге құқыққорғау органдарындағы дереккөздер хабарлағандай, шенеунікті қаржы полициясы ғимаратының дәлізінде қолкісенмен көріпті. №2 Атырау қалалық сотына Әбдіровке қатысты іс материалдары түспеген.

- Бірақ қаржы полициясының қамауға алу санкциясы үшін іс материалдарын ұсынуға 72 сағаты бар. Дәлірек айтқанда, материалдар сотқа 3 ақпанда түсетін болар, - дейді дереккөз.

Естеріңізге салсақ, үстіміздегі жылдың 24 қаңтарында Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫ қамауға алуға санкция берілген болатын. Бұған дейін, оның туған інісі, «Ақ жол» партиясынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты Аманжан РЫСҚАЛИҒА және құрылыс компанияларының бірнеше басшыларына іздеу жарияланған еді. Қазіргі уақытта облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Болат ДӘУКЕНОВ, Атырау қаласының әкімі Асқар КЕРІМОВ, бірқатар облыстық басқарма бастықтары қамауға алынған.

Бұрынғы әкімнің 5 орынбасары болғанын еске сала кетейік. Асқар Әбдіров облыстың жаңа әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ келген кезде құрылыс және ТКШ саласында болған ол кешегі күнге дейін энергетика мен ТКШ саласына жетекшілік еткен болатын. Серік АЙДАРБЕКОВ сол кезде Атырау қаласының әкімі боп тағайындалды, оның анағұрлым дербес жұмысқа ауысуын мансап баспалдағынан көтерілуі деп бағалауға болатын еді. Мереке ЕСМҰРАТОВ отставкаға жіберіліп, Болат ДӘУКЕНОВ қамауға алынды. Бес орынбасардың ішінде облыс әкімінің орынбасары лауазымын сақтап қалған - қаржылық-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА ғана.

 

Ағымдағы жылдың 4 ақпанындағы қаржы полициясының ақпараты

«Қаржы полициясы агенттігінің тергеу-жедел тобы коммуналдық меншіктегі объектілерді жекешелендіру кезінде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген айыппен Атырау облысы әкімінің орынбасары Асқар Әбдіровты ұстады.
Осылай, Әбдіров 2010-2011 жылдар аралығында жергілікті атқарушы органның отырысында қарамастан баланстық құны 275 млн теңге тұратын «Атырау Ақпарат» қоммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының типографиясын 25 млн теңгеге және баланстық құны 19,5 млрд теңге тұратын Атырау қаласы мен облыс аудандарының газ құбырлары мен олардың құрылымдарын 650 млн теңгеге жекешелендіру туралы облыс әкімдігінің қаулысына қол қойған деп айыпталуда.   
2013 жылғы 31 қаңтарда Әбдіров ұсталып, 2 ақпанда ол сот санкциясымен үй қамауына алынды».

Дереккөз: ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттінің (қаржы полициясының) сайты

«АЖ» анықтамасы: ӘБДІРОВ Асқар Аманғалиұы. 1972 жылы 27 сәуірде Гурьев қаласында дүниеге келген. Атырау мұнай және газ институтын (1994 ж.) тау-кен инженері; Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1999 ж.) экономист- халықаралық саясат білгірі мамандығы бойынша тәмамдаған. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.

1994 жылдан бастап – «Атырау - Бакалея» АҚ экономисі.

1996жылдан бастап – «Жанар» ЖШС директоры.

1997жылдан бастап – Атырау қалалық экономика бөлімінің бас маманы.

2001 жылдан бастап – Атырау қалалық экономика және орта бизнес бөлімінің бастығы.

2002 жылдан бастап – Атырау қалалық экономика, шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің бастығы.

2005 жылдан бастап – Атырау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы.

2006 жылдан бастап – Атырау қаласы әкімінің орынбасары. 2008 жылдан бастап – Атырау облысы әкімінің аппарат жетекшісі.

2009 жылдың қыркүйегінен бастап 2013 жылдың қаңтарына дейін – Атырау облысы әкімінің орынбасары.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

1 ақпан 2013, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.