Атырау, 29 наурыз 19:34
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Арақ бағасы қымбаттады

9 612 просмотра

Арақ 100 теңгеге қымбаттады. Бұл енді басқа азық-түліктер секілді инфляцияға ұшырағыш сирек кездесетін өнімнің бірі болса керек. Оның төмен болатын бастапқы бағасы 1999 жылдан бері өзгерген жоқ.

Әрине, ол ащы су азық-түлік болып есептеле ме, әлде жоқ па, оның өзі бір мәселе. Дегенмен, кейбір адамдар үшін бұл мәселе де емес.

Сондықтан да үкіметтің байырғы «алкоголь өнімдеріне төменгі баға тағайындау туралы» (САПП ҚР 1999 ж.,№49 475-бап) қаулысындағы алкоголь өнімдерінің бағасын көтеруді көздеген жүз тармағының бірден өзгеріске ұшырауы көпшілік үшін ауыр тиері анық. Енді ең демократиялық «жартылық» кем дегенде 300 теңге тұратын болады.

Бұл алкоголь майданындағы бар жаңалық емес. Үкімет өзінің тағы бір қаулысымен есептеу-тексеру маркісінің түрі мен формасын, яғни, акциздерін өзгертті. Енді оның көлемі бұрынғыдан сәл үлкендеу және түсі көкшіл болып келеді. Құбылмалы бейнесі сақталып қалды.

Спирттік сусындар сататын сатушылар енді ескі үлгідегі марканы жаңасына ауыстыруға тиісті. Атырау қаласы бойынша салық басқармасының акциздерді әкімшілдендіру бөлімінің бастығы Әділбек РАХМЕТОВ түсінік береді:

 - 2011 жылдың 1 наурызынан бастап 2007 жылы 15 сәуірде енгізілген есептік-тексеру маркілері бар алкоголь өнімдерін сату мерзімі бітеді. Олар содан кейін жаңа үлгідегі есептік-тексеру маркаларымен қайта маркіленуі керек. Естеріңізге салайын, есептік-тексеру маркасы тұтынушы ыдысына оны ашу барысында оның тұтастығы бұзылуы үшін, яғни, кейін оны тағы да қайталап қолдануына жол бермеу мақсатында төменгі жағына голограмма мықтап жапсырылады. Бұл сол қақпақ маңында болады. Үкіметтің бұл қаулысы күшіне 2011 жылдың 9 ақпанында енді. Алкоголь өнімдерін жеткізіп берушілердің қолына жаңа үлгідегі маркілер тиіп үлгерді. Спирттік ішімдіктерді сатушыларға жаңа маркіге ауыстырып алуға кеңес беремін, ауыстырылмаған жағдайда, яғни, ескі маркімен сататындарға айыппұл салынатын болады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

9 наурыз 2011, 21:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.