Атырау, 28 наурыз 22:08
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті қорытынды құжатты қабылдады

8 281 просмотра

Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті қорытынды құжатты қабылдады.

«Құжат жобасы бойынша ымыра бар деп санай аламын ба?  - Қарсылық жоқ. «Қоғамдастық қауіпсіздігі алдында» Астана декларациясының қабылданғандығы туралы жариялаймын. Бұл біздің халқымыздың үздік қауіпсіз әлемге жауап беретін жалпы тарихи жетістігіміз», - деді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев саммиттің пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде.

Бұл ретте декларация қабылданғаннан кейін сөйлеген сөзінде Ресей делегациясының өкілі «Ымыраға келелетін келісім процеске жеке қатысушыларының идеологияландырылған көзқарасының көрінісінен мүмкін болмады». «Біз сонымен қатар, мемлекеттің халықаралық аренадағы өз әрекеттері үшін жауаптылығы туралы ұмыта алмаймыз, ал бұл жауапкершілікті ұмыту қайта-қайта ЕҚЫҰ-ты  саяси ерекше ықыластардың тұтқыны етеді. Біздің ұсыныстар, келіссөздер барысы бойынша тұжырымдалған және біздің әріптестерімізге аян. Онда келісімге жету үшін барлық қажетті элементтер қамтылған», - деп атап көрсетті Ресей өкілі.

АҚШ өкілі «бұл саммитте біздің ЕҚЫҰ жұмысының алдағы бағыттары белгіленген әрекеттер жоспарын келісе алмағандық», -  деп өкініш білдірді.

«Біз  11 жылдан кейін өтіп жатқан алғашқы ЕҚЫҰ саммитінде қазіргі уақыттағы қауіпсіздіктің негізгі күрделі мәселелелері, атап айтқанда Грузия, Молдова, Таулы Қарабахтағы созылмалы шиеленістерді толық қамтымайтын іс-қимыл жоспарының қабылдануына келісе алмаймыз. Біз келісімге келе алмағандықтан, ЕҚЫҰ негізгі принциптері дәлелденген Астана декларациясын қабылдауды жөн көрдік», - деп атап көрсетті ол.
Еуроодақ өкілі өз тарапынан «ЕО халықаралық шиеленістерді реттеуде халықаралық күш салуды тұрақты қолдайтынын растайды, ЕО ЕҚЫҰ Грузиядағы қызметін, сондай-ақ ЕҚЫҰ мазмұнды қатысуды қалпына келтіруді қолдайтынын растайды. ЕО Грузияның бүкіл аумағына халықаралық кіру маңыздылығы туралы ескертеді», - деп белгілеп көрсетті.  

«Біз күн тәртібіндегі кейбір аса елеулі мәселелерді шешуде, реттелмеген шиеленістерді қосқанда одан артығына қол жеткізе алмағанымызға қатысты айтылған пікірлерімен келісеміз», - деді сарапшылардың сөздерін қорытындылай келіп, ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы, мемлекеттік хатшы –сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев.

Алайда «бұл декларация бізднің ұйымның негізінде тұрған нормалар мен принциптер және міндеттерді қайта айқындайды», - деді ол.

«Біз ЕҚЫҰ-ны Еуразияның ауқымды кеңістігіндегі қауіпсіздік қоғамдастық ретінде дамытуға ынталымыз. Оның негізі ретінде мемлекеттер арасындағы сенім мен өзара түсінушілік болып табылады. Бүгін ЕҚЫҰ географиялық және саяси аспектілердің ішкі ауызбіршілігі нығайтылуда», - деді Қазақстанның президенті Нұрсұлатын Назарбаев саммиттің пленарлық отырысын жабу сөзінде.

Ол, «біз трансұлттық қауіпке қарсы сенімді қоғаныс құрамыз, болашақ ұрпаққа баға жетпес мұра, қауіпсіздік және жарқын болашақ қалдырамыз», - деп сенім білдірді.

«Бүгін Астанада біздің ұйым тарихының қиын кезеңін қорытындыладық. Жаңа тарихи жағдайларда Хельсинк рухы жаңарды. Еуразиялық вектордың ЕҚЫҰ-ның дамуына пәрменді импульс беруге қабілетті, Шығыс пен Батысты, Солтүстік пен Оңтүстікті жақындататынына сенімдімін. Дүниеқұрылымның өзекті мәселелерін түсіну  - Астана рухының квинтэссенция деп білемін», - деп мәлімдеді Назарбаев.

«Ұйымның жаңа кезеңінің сәттілігі Астана саммитінің шешімін жүзеге асыру қабілетімізге байланысты. Бұл ЕҚЫҰ-ның барлық институттарының жұмысында артықшылық болып, Ұйымның тұрақтылығына тексеру  деп көрінеді», - деп қорытындылады.

newskaz.kz

3 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.