Атырау, 20 сәуір 16:18
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Салық бастығы жауапкершілікке тартылды

3 050 просмотра

Мақат ауданы прокуратурасының хабарлауынша аудандық салық басқармасының бастығы Т. У. әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Прокурор Жұбан Қадыроватап көрсеткендей, аудандық салық басқармасының бастығы өткен жылдың қараша айында жеке кәсіпкерлерге жүргізілген салықтық хронометраждық тексерулер бойынша тексерудің нәтижесін бейнелейтін талон қосымшаларын заңмен белгіленген мерзім ішінде құқықтық статистика мен арнайы есептер саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекттік органға уақытылы тапсырмай, мерзімін бұзған. Сөйтіп, ҚР Бас Прокурорының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы №71 бұйрығында көрсетілген заңнамаларды бұзған. Жуырда аудандық соттың шешімімен салық басқармасының бастығы Т. У. ҚР ӘҚБтК‑нің 381-1-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп табылып, әкімшілік айыппұл салынған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

3 наурыз 2011, 01:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.