Атырау, 25 сәуір 05:55
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Монополистке қарсы тұрған зейнеткер

2 871 просмотра

БАРСОВТАР жанұясын «Атырау-Жарық» АҚ компанияның өзі жіберген қателіктер үшін жазалаған.

Бәрі де өткен жылы жаз соңында Худин көшесіндегі 29-2 үй мекен-жайын рейдтік тексеруден басталған болатын. Есептегіштегі көрсеткіш тексерушілердің көңілінен шықпай, оны сараптан өткізу үшін алып кетеді. Людмила Барсова дал болды – есептегішті 2007 жылы «Атырау-Жарық» қызметкерлерінің өздері орнатып, оның дұрыстығын үнемі тексеріп тұратын. Құжат бойынша бәрі де дұрыс болатын. Бұл жолы ЖШС-нің метрологиялық қызметі өзгеше ештеңе таппады – пломбасы бүтін, беткі әйнегі, сырты, цоколі, ток орамаларының бәрі орнында. Энергішілер мазалағандықтары үшін кешірім сұрауға әзір болатын. Кенеттен есептегіштің электр қалқанының типіне сай келмейтіндігі анықталады. Қарапайым тілмен айтқанда, «қате» аспап электр энергиясының нақты тұтыну көлемінің оннан бір бөлігін ғана тіркеп отырған. Есепке алынбаған сома мөлшері 600 мың теңгені құрапты. Қарапайым зейнеткер үшін бұл өте көп ақша. Людмила Барсова оны «Атырау Жарыққа» өтеуден бас тартады.

МАЙШАММЕН ҚАРСЫ АЛҒАН ЖАҢА ЖЫЛ

Автосалонда еден жуушы боп жұмыс жасайтын зейнеткер бір аптадан соң жұмысынан жарықты қиып тастаған үйіне келген кезде, қараңғыда баспалдақты таба алмай, құлап қалады. Содан соң ол «Атырау-Жарықты» сотқа береді. «Қызметкерлері есептегішті орнатқанда қалқан типіне назар аудармағанына мен кінәлімін бе? Неліктен олардың біліксіздігінен мен жапа шегуім керек? – дейді Людьмила Васильевна сынған бұғанасына гипс салып жатқан медбикеге. – Мен ол сымдардан ештеңе де түсінбеймін ғой...». Сөйтіп, сот дауы басталады, күз өтіп, қыс келеді. Жаңа жылды отбасы теледидар алдында емес, майшаммен қарсы алады.

Сот процесі аяқталып қалған кезде, әділ соттың талап-арыз берушінің пайдасына шешуі мүмкін екендігін сезген жауапкерлер оны ымыраласуға шақырып, «ең болмаса 130 мың теңге» төлесін дейді. «Мен не үшін төлеуге тиіспін? – деп таң қалады Людмила Васильевна, - «Ең болмаса дегенін» қалай түсінуге болады?».

Сөйтіп, 26-шы қаңтарда Атырау қалалық соты Барсовтардың үйіндегі жарықты айырып тастаған «Атырау-Жарықты» заңсыз әрекет еткен деген шешім шығарып, компанияны электр энергиясын қосуға міндеттейді. Бәрі жақсы болар еді, алайда АҚ соңына дейін тайталасуды ұйғарып, апелляциялық шағым береді. Енді Людмила Васильевнаны тағы да сот дауы мен басқа да әбігерге толы кезеңдер күтіп тұр. «Не істейін, соңына дейін баруға тура келеді. Бірақ мен өзімді асап жібергісі кеп тұрған алыптың алдындағы кішкентай шыбын-шіркейдей сезіне бастадым. Басқа қайда барарымды білмеген соң сіздерге келіп тұрмын. Бәлкім мақаланы оқыған соң, олар мені жайыма қалдырып, үйімдегі жарығымды қосып берер. Мен қатты шаршадым», - дейді әйел.

Анастасия ПАСТУХОВА

3 наурыз 2011, 01:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.