Атырау, 20 сәуір 04:14
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қылмыс хроникасы

2 572 просмотра

25 желтоқсанға қараған түні Сатыбалдиев көшесінің бойындағы дүкенде белгісіз үшеу сатушыдан 58,5 мың теңге мөлшеріндегі түскен ақша мен «Activ» кәртішкелерін тартып алып кеткен.Тергеу жүргізілуде.

***

26 желтоқсанда түс әлетінде Балықшы поселкесіндегі азық-түлік дүкендерінің бірінде белгісіз ер адам бұзақылық пиғылмен 36 жастағы жеке кәсіпкерге дене жарақатын салып, тоңазытқыштың әйнегін сындырған. Зиян мөлшері жарты миллион теңгеге бағаланды. 45 жастағы күдікті – Балықшы тұрғыны ұсталды.

***

Қызылқоға ауданының Ақкөл қыстағында 26 желтоқсан күні сағат 14-те «Тасшағыл» шаруа қожалығының 47 жастағы қойшысының мүрдесі табылды. Ол жіппен буынып, о дүниеге аттаныпты.

***

26 желтоқсанда түнгі сағат 3-те Құлсары қаласындағы полиция бөліміне 22 жастағы қыз бала шағым түсірген. Кафеде белгісіз біреулер оның 6 мың теңгесі бар әмиянын ұрлап кеткен. Ұры 27 жастағы қыз боп шықты. Заттай айғақ алынды.

***

26 желтоқсанда түнде Индербор поселкесінде 4 адамнан тұратын жанұя газға уланып қалған. Таңертең  кіресілі-шығасылы күйде оянып, бірақ көмек шақырып үлгеріпті. Төртеуі ауруханаға жатқызылған соң қауіп сейілді. Пеш түтіндігі дұрыс тартпай қалғандықтан, иіс тиген екен.

***

Полицияға Атыраудың 24 жастағы тұрғыны хабарласты: 2012 жылдың қарашасында оның 25 жастағы танысы одан 750 мың теңгені алып, қайтармаған. Полицияға осыған ұқсас шағым 47 жастағы қала тұрғынынан түсті. 2011 жылдың тамызында 44 жастағы танысы алаяқтық жолмен оның 710 мың теңгесін алып кеткен.

***

23 желтоқсанда кешкісін №2 бағыттағы автобуста белгісіз біреу 23 жастағы жолаушының «Самсунг-Галакси» маркасындағы ұялы телефонын ұрлап алған. Зиян мөлшері 45 мың теңгені құрады. 27 жастағы қалта ұрысына іздеу жарияланды.

3 қаңтар 2013, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.