Атырау, 28 наурыз 21:33
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Бағаға да «тежегіш» керек

4 650 просмотра

Ақпанның ақырған аязымен бірге такси қызметінің құны орташа алғанда жүз теңгеге өсті. Егер бұрын ең арзан баға үш жүз теңге болса, бүгінде таксистер үшін бұл ақша емес.

Көрші Ақтаудақаланың бір шетінен кез-келген түкпіріне жету құны 200 теңге және мұны жақында ғана әріптесім тексеріп келген дәйек. Өз тәжірибемнен айта кетейін: мен атыраулық өлшеммен алғанда өте-мөте алыс жол жүріп, бес жүз теңге ұсынып, оның үстіне бұл ақының оның көңілінен шығатынын сұрағанымда көзін дөңгелете қараған қарағандылық таксист есімде мықтап қалып қойған еді. Таксидің орташа ақысы 400-500 теңге және ол Астана мен Алматыда болса түсінікті, өйткені, ондағы арақашықтықтар тіптен, басқаша. Бірақ, оның бізде осыншама қымбат болуының сыры неде?  Жергіліктілерге ақтаулық әріптестерінің бағаларын мысалға келтірсек, олар бірауыздан олардың газбен жүретіндігін, ал, біздің бензиніміздің қымбаттығын тілге тиек етеді. Және олар тағы да қосалқы бөлшектердің, машинаны ұстаудың қымбаттығын сылтауратады. Міне, мен олардың шығындарын есептеп шығаруды жөн көрдім.

 1. Амортизация. Таксидің әдетте, керемет шетелдік көлік емес екендігін ескере отырып, эконом-класты ұсталған автокөлік ретінде, біз құны шамамен 900 мың теңге болатын автокөлікті алдық. Көліктің пайдалану мерзімі орташа алғанда, 5-7 жылды құрайды. Бес жылға амортизациясын есептеу барысында бұл тармақ бойынша айына бізден 15 мың теңге шығып отырады.

2. Техникалық қызмет көрсету.  Біз бұған майды, сүзгіш пен от алдыру білтесін ауыстыруды кіргізіп отырмыз. Қозғалтқыштағы майды міндетті түрде әрбір 10 мың шақырым, жылдамдықтар қорабындағы майды әрбір 20 мың шақырымда, от алдыру білтесін әрбір 30 мың шақырымда ауыстырады. Қозғалтқыштағы майды ауыстыру бізге 10 мың теңгеге (сүзгішпен бірге), жылдамдық қорабындағы-10 мың теңгеге, от алдыру білтесі-5 мың теңгеге шығады. Егер орташа алғанда, біз күніне 150 шақырым жүретін болсақ, онда 10 мың шақырымды біз шамамен екі айда жүріп өтетін боламыз. Демек, сонда қозғалтқыштағы майды ауыстыру шығыны бір айда 5 мың теңгені құрайды, жылдамдық қорабындағы майды ауыстыру-2,5 мың және от алдыру білтесін ауыстыру-834 теңгеге шығады.

3. Автокөлік доңғалағының тысы. Есеп үшін біз тыстың барлық маусымға арналған түрін алдық.Әдетте, оны жылына екі рет ауыстыруға кеңес береді. Бір доңғалақ тысының 20 мың теңге тұратындығын ескерсек, бізге төртеуі 80 мың теңгеге шығады. Ал, бұл айға 13 400 теңге болады.

4. Жөндеу. Қозғаушы механизмдегіақауларды жою шығындары бір жыл ішінде шамамен 100 мың теңгені құрайды. Қозғалтқыштағы ақауды жөндеуге 50 мың теңге кетеді. Жалпы алғанда, шығындардың бұл бабы шамамен бір айға 12,5 мың теңгені «жеп» қояды

5.Сақтандыру. Жүргізушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың жиынтық сомасы көптеген факторларға байланысты болады: жүргізушінің жасы, көлік жүргізу өтілі, ЖКО бар немесе жоқ болуы, автокөліктің пайдалану мерзімі және басқалары. Барлығы үшін міндетті болып табылатын азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудан басқа, жүргізуші өз қалауымен қосымша сақтандыруларды рәсімдей алады. Шығындардың бұл бабына біз 30 мың теңге жұмсайтын боламыз. Сонда бір айда 2500 теңге болады.  

6. Бензин.  Бұл таксистердің барынша көбірек сылтаурататын ең сүйікті тармағы. 100 шақырымға кететін шығын орташа алғанда 10 литрден 15 литрге дейін құрайды. Есептеудің негізі үшін қалалық режимді аламыз (олар көлік кептелістері, бағдаршамдарда тұру т.б.), онда 10 шақырым жүріске 12 литр жанар май шығындалады. 1 л бензин (АИ 92) орташа алғанда 90 теңге тұрады. Ұзындығы 10 шақырым маршрут бойынша жүруге бензинге 108 теңге жұмсаймыз.  

7. Автотұрақ. Таксистердің өз көліктерін автотұрақтарда қалдырып кететіндері көп емес. Дегенмен де біз автотұрақ үшін төленетін ақыны негізгі шығындар қатарына енгіздік. Сонымен, күзет қойылған автотұрақ үшін орташа ақы бір күнге-300 теңге. Ал, ол бір айда 9000 теңгені құрайды.

Негізгі шығындар бойынша біз шығындардың жылға, айға және күні мен сағаты көрсетілген арнаулы кестесін құрастырдық.

 

Уақыт кезеңіндегі негізгі шығындар, теңгемен

 

 

жыл

 

 

ай

 

 

күні

 

 

сағаты

Амортизация

180 000

15 000

500

21

ТҚ көрсету

100 000

8334

279

12

Доңғалақ тысы

160 000

13 400

445

19

Жөндеу

150 000

12 500

417

18

Сақтандыру

30 000

2500

83

4

Автотұрақ

108 000

9000

300

2

БАРЛЫҒЫ

728 000

60734

2024

76

 

Енді таксиде жүрудің өзіндік құнын есептеп көрелік. Оның орташа ұзақтығы 15 минутты құрайды. Егер көлік қала бойынша 40-50 км/с жылдамдықпен жүретін болса, онда біз 15 минут ішінде шамамен 10 шақырым жер жүреміз (бұл мәселен, Балықшыдан Абай алаңына дейін). Математикалық есептеулер жолымен біз 10 шақырымдық жолдың өзіндік құны, оған барлық шығындарды қосқанда, бензин үшін-46 теңге жұмсалады. Телефон арқылы такси шақыртқанда мұндай ұзақтықтағы жол ақысы 600 теңге болады; жеке жүргізушілермен егер қатты тырысып көрсеңіз, 500 теңгеге келісуіңізге болады. Сонда атыраулық таксидегі жол ақысының құны нақты жол ақысының өзіндік құнынан  тіпті, 12 есеге дейін артық болғаны ма?!

500 теңге берсе, 300-дің керегі қанша?

Өзіне шығын келтірмеуі үшін таксистерге бір күнде барлық шығындарын (кестеге қараңыз) жабуға, бензинін ақтауға және нандығын ақтап, әйеліне гүл, балаларына-балмұздаққа нәпақа табуы керек. Диспетчерлер арқылы жұмыс жасайтын жалдамалы жүргізушілер тағы да 12 сағаттық ауысым үшін рацияға орташа алғанда 1200 теңге төлеуге тиісті. Алайда, шығындардың бұл бабы оларды шошытып отырған да жоқ.  

- Көшеде тұрып жұмыс жасағаннан такси қызметінде жұмыс істеген жақсы. Таксистер жиналатын орындарда үлкен бір кезек тізбектеледі. Ал, клиенттер болса, түрліше, бірде бірінен соң бірі келсе, енді бірде сағаттап тосып отыруға тура келеді,-дейді такси жүргізушілердің бірі Арман. –Ал, такси қызметінде жақсы. Диспетчерлер күні бойына тапсырыстармен көміп тастайды. Ал, кейде бос келе жатқаныңда клиенттерді жолдан да аласың.

Атырауда такси қызметін ұсынушы компаниялардың бірінің директоры құпияларын аша отырып, ең басты сауалға жауап берді: Шынында да барлық экономикалық заңдарға сәйкесті, кез-келген қызмет секілді такси ақысының құны да негізді болуы тиіс. Алайда, мен шынымды айтсам, атыраулық такси бағасын нарық емес, таксистердің өздері қойып отыр. Атырауды Қазақстанның қымбат қалаларының бірі деп есептейді, демек, бұл жерде кіл байлар тұруы тиіс қой. Мұнда іс-сапармен келген шетелдіктер жетерлік және олар бағалардың қандай екендіктерін білмейді де. Таксист болса, былай ойлайды: «Егер 500 теңге алуға болатын болса, адамнан 300 теңге алып керегі не?».

Сіз білесіз бе, бізде егер арақашықтығы аса көп емес жол бағытына тапсырыс түссе, кез-келген таксист 300 теңгеге келіседі. Әдетте, мұндай қымбат емес шақыртуларға жас және тәжірибесіз таксистер алынады. Ал, әккілері, қала бойынша шыр айнала жүріп, диспетчерлердің 500 теңге және одан жоғары тапсырыстарын күтеді. Бізде егер бір ауданда күніне 5 мың теңге тапқан болса, өздерін ештеңе таппаған болып есептейтін таксистер бар. Ал, 10 мың немесе одан жоғары тапқан болса, бұл міне, қалыпты болып есептеледі.

Мына қызыққа көз салыңыз

* Таксистер үшін ең пайдалы күндер ауа-райының қолайсыз күндері болып табылады. Сықырлаған аяз бен төбеден өтер ыстық та, қар мен жауынды күндері адамдар аялдамаларда тұрғаннан таксиге отырғанды қалайды. Ондай күндері клиенттің неге болса да келісетіндігін білетін таксистер бағаны кем дегенде 100 теңгеге көтере салады.

* Ең көп ақша түсетін күндер жұма мен сенбі. Аптаның ішіндегі «қаралы» күн, неге екені белгісіз, сәрсенбі. Бұл күні диспетчерлер басқа күндерге қарағанда тапсырыстарды екі есе аз қабылдайды. Иә, көшедегі таксишілер де сауда орталықтары мен көшелерде жайбарақаттықты байқайды екен.

ДайындағанТамара СУХОМЛИНОВА

 

Атыраулық таксистің арманы

Нағыз таксист мыналарды армандайды:

  1. Машинасының ешқашан сынып қалмауын;
  2. Машинасының бензинмен емес, ауамен жүруін;
  3. Жолында ЖПҚ  қызметкерлерінің кездеспеуін;
  4. Жолда тек әрқашанда  «жасылдың» жанғанын;
  5. Барынша тұрақты клиенттерінің көп болғанын;
  6. Тұрақты клиентінің өте мырза болғанын.

 

«Такси» сөзі  француз тілінен шыққан. Taximеtre – «баға есептегіш» деп аталады. Оны 20-ғасырдың басында моторланған жалдамалы экипаждарда қолдана бастаған. Таксидің ресми туған күні 1907 жылдың 22 наурызы болып табылады. Дәл осы күні Лондон көшелерінде азаматтардың таңданысын тудыра отырып,  таксометрлері бар автокөліктер жүріп өткен.

2 наурыз 2011, 23:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.