Атырау, 29 наурыз 16:31
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Оң жақ жағалау байланыссыз қалды

2 068 просмотра

24 қазанда шамамен сағат 21.00-де қала тұрғындарының көпшілігінде Интернет пен желілік теледидар жоғалып кетті. 25 қазан күні таңертең қаладағы жағдай өзгермеді.

Атырау облыстық «Қазақтелеком» телекоммуникациялар дирекциясындағылар хабарлағандай, 24 қазанда орталық көпір астымен жүргізілген байланыс желісі жанып кеткен. Соның салдарынан қаланың оң жақ жағалауындағы тұрғындар байланыссыз қалды.

- Қалпына келтіру жұмыстары түні бойына жүргізілді. Қазіргі уақытта телефон байланысы қалпына келтірілді. Интернет байланысын қалпына келтіру жұмыстары жалғастырылуда, - деп хабарлайды «АЖ»-ға Атырау ОТД-ның БАҚ-тармен жұмыс бөлімінің маманы Жанар БІЛӘЛОВА.

Алдын ала алынған ақпарат бойынша, тұтану нәтижесінде телекоммуникация торабы зақымдалып, бірқатар телекоммуникациялық компаниялар мен интернет-провайдерлердің абоненттері телефон байланысынсыз және Интернетсіз қалған.

Сондай-ақ, тұтану салдары желілік теледидар абоненттеріне де әсерін тигізді. Тұтану себебі мен зиян ауқымы анықталуда.  

Тамара СУХОМЛИНОВА

Атырау ОТД  25.10.12 ж.сағат 11.10-да  Megaline, iD TV, iD Phone қызметтері қалпына келтірілгенін хабарлайды. GPON технологиясы бойынша байланысты қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Атырау ОТД

25 қазан 2012, 18:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.