1 2 3 4 5 6
Атырау, 19 сәуір 14:26
Кешке ашық+17, түнде +10
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 182.06  € 252.06  P 5.07

Жас зияткерлер тәлімбағы

24 қазан 2012 18:21

Атыраудағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» осындай болмақ

Атырауда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Автономиялық білім беру ұйымының өкілдігі өз жұмысынбастады. Демек, бұл оқу орнының өзі де кешікпей ашылады деген сөз. Педагогикалық қызметкерлерді конкурстықіріктеу және оқушыларды қабылдау жөнінде өкілдікдиректоры Тавиля Әдиетқызы АКИМОВАМЕН (суретте) сұхбаттасқан едік.

КӘСІПҚОЙЛАР ҚАЖЕТ

– Тавиля Әдиетқызы, Атырауда ашылғалы тұрған «Назарбаев Зияткерлік мектебі» жайында толығырақ айтып берсеңіз. Қазақстанда әрбіреуі белгілі бір пәндерге негізделген 7 мектеп жұмыс істейді. Семейде бұл физика-математика бағытында болса, Өскеменде – химия-биология бағытында. Ал бізде қалай?

– Зияткерлік мектептер жүйесі үш бағыт бойынша жұмыс істейді: физика-математика, химия-биология және халықаралық бакалавриат. Атырау қаласының мектептері үшін аймақ ерекшелігіне байланысты химия-биология бағыты таңдалды. Зияткерлік дамытудан басқа мектептерде барлық сала бойынша жаңа көшбасшыларды тәрбиелеуге бағытталған салмақты жұмыстар жүргізіледі.

– Оқушылар мен оқытушылар үшін қандай жағдай жасалатын болады?

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ: Тавиля АКИМОВА– мамандығы бойынша ағылшын тілінің оқытушысы. Педагогикалық өтілі 30 жыл.  Ағылшын тілін терең оқытатын мамандан-дырылған мектепке басшылық еткен. Бұл қызметінен «Назарбаев Университетінде» оқу үшін шығып кеткен. Оқуды аяқтағаннан кейін Атырау қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» директоры лауазымына жарияланған конкурсқа қатысып, жеңіп шыққан. 2009 және 2010 жылдардағы АҚШ Мемлекеттік департаменті желісі бойынша English Access Microscholarship бағдарламасының жеңімпазы. «Облыстың үздік мұғалімі-2009», «Облыстың үздік мұғалімі-2011» сертификаттарының иегері. Қазақстан мен АҚШ мектептері арасындағы алмасу бағдарламасының жеңімпазы (2003-2005 жылдардағы Денвер қаласындағы үш апталық машықтану, Колорадо штаты). 2002 жылғы Американдық білім беру істері кеңесі желісі бойынша ағылшын тілі мұғалімдері конкурсының ұлттық жеңімпазы.

– Біздің мектептер үш тілде сабақ беруге негізделген. Мәселен, жоғары мектепте балалар математиканы, информатиканы, химияны, физиканы және биологияны ағылшын тілінде оқиды. Жаңа «Қазіргі замандағы Қазақстан» пәні қазақ тілінде, дене шынықтыру және БӘД оқыту тіліне қарамастан орыс тілінде оқытылады. Бұдан басқа, тим-тичинг деп аталатын командамен сабақ беру жоспарланған. Бір сабақты екі мұғалім өткізеді – шетелдік маман мен қазақстандық маман. Бұл әдісте қазақстандық оқытушы ағылшын тілін білуі керек. Алайда конкурстық іріктеуде мұғалімдердің ағылшын тілін білуі міндетті шарт емес. Ең алдымен, біз мүмкіндігі бар және үйреніп, жетілгісі келетін мамандарды іріктейміз. Бәріне қол жеткіздік деп ойлайтын оқытушылар да кездеседі. Біз өз ұжымымыздан кәсіби және тілдік тұрғыда өз деңгейін көтеруді мақсат етіп қойған адамдарды көргіміз келеді. Атырауда осындай мүмкіндігі бар оқытушылар аз емес. Қазір біздің мектебімізге мұғалімдерді конкурстық іріктеуге дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Конкурстың басталатындығы туралы ақпарат республикалық және жергілікті БАҚ-тарда жарияланатын болады. Сондай-ақ, облыстық және аудандық білім беру бөлімдерінің қаперіне беріледі. Бұған жұмыс өтіліне қарамастан ниет білдірушілердің барлығы да қатыса алады. Конкурстық іріктеу үш турдан тұрады. Бірінші кезеңнің тапсырмасын дайындауға 60 минут беріледі – осы уақыт ішінде үміткерлер бейінді пән бойынша 25 сұраққа жауап беруі тиіс. Екінші кезеңде үміткерлер ұсынылған үш тақырыптың біріне эссе жазады. Үшінші кезеңде әңгімелесу өткізіледі.

Әрі қарай, оқытушылар біздің мектебімізге қабылданған жағдайда, олар кадрларды қайта даярлаудың толық жүйесінен өтеді. Біліктілікті үнемі көтеру – біздің жұмысымыздың міндетті шарты, бұл процесс информатика, ағылшын, қазақ тілдері, әдістемелер бойынша өз оқыту жүйесі қолданылатын мектеп ішінде де, ел шеңбері мен шетелдерде де жүреді. Біздің мұғалімдеріміздің көпшілігі Ұлыбританияның, АҚШ-тың, Сингапурдың, басқа елдердің оқу орындарында оқып келді. 2011-2012 жылдары Назарбаев Университеті University College London (UCL) оқу орнымен бірігіп, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінде» жұмыс істеу үшін мұғалімдердің 10 айлық біліктілік көтеру курстарын өткізді. Сабақ ағылшын тілінде жүргізіледі. Бүкіл Қазақстаннан 100 мұғалім оқытудан өтті, олардың үшеуі Атыраудан: біреуі ағылшын тілінің және екеуі химия пәнінің оқытушысы. 

Талантты балалармен жұмыс істеу қиын. Оның үстіне біздің ақпараттық технология ғасырында мұғалімдер мен ата-аналар балалар үшін бірден-бір білім көзі болудан қалған. Олардың арасында нағыз кәсіпқой маман ғана беделге ие бола алады.

 

ЗЕРДЕНІ ДАМЫТЫП, ДЕНЕНІ ШЫНЫҚТЫРУ

– Ал оқушылар қандай кесте бойынша оқытылады?

– «Назарбаев Зияткерлік мектептері» күні бойына сабақ береді – 3 сағатқа дейін сабақтар өтеді, 5 сағатқа дейін оқушылармен таңғы, түскі және түстен кейінгі асқа үзілістерімен қосқанда жеке жұмыстар жүргізіледі. Сабақ пен тамақтану тегін. Сыныптардың топтасуы – бейінді пәндерді, ағылшын тілі мен информатиканы тереңдетіп оқыту үшін топтарға бөлінген 20 оқушы. IELTS ағылшын тілі бойынша халықаралық тестілеуге дайындық жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Мұндай мектептердің түлектері ҰБТ тапсырмайды. ҰБТ орнына сыртқы бағалау қарастырылған. Мектептегі емтихан бағаларын ҰБТ балына ауыстыру шкаласы қолданылады. Бұл біздің мектеп түлектері кез келген қазақстандық жоғары оқу орнына түсуге құқылы деген сөз.

Академиялық жүктемеден басқа балалардың физикалық дамуы мен олардың психологиялық дайындығына үлкен көңіл бөлінеді. Талантты балалармен жұмыс жүргізілетін жерде міндетті түрде психолог бірге жүреді. Ол, бір жағынан, оларға таланттарын ашуға көмектессе, екінші жағынан белгілі бір кезеңде өз нәтижелерін сол күйінде қабылдауға үйретеді. Талантты балалардың өз алдарына биік мақсат қойып, кейде қолдарынан келмей қалса, жігерлері жасып қалатыны құпия емес. Мектепте психологиялық жүкті жеңілдету бөлмесі, қысқы бақ, жинақы орынжайлар қарастырылған. Бізде жақсы спорт алаңдары, көшпелі трибуналары бар спорт залдары, жаттықтыру және гимнастикалық залдар, сәйкесті жабдықтары бар скалодром жарақталған. Мектеп барлық заманауи талаптарға сәйкес, зертханалық және сынып бөлмелерімен жабдықталған.

- Соңғы уақыттарда мұға-лімдер оқу көрсеткіштеріне әуестеніп, балаларды адам-гершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу саласынан қол үзіп қалады. Оның үстіне, ақысы төленбейтін қоғамдық жұмыс міндетті емес, бала тәрбиені отбасында алуы тиіс деп есептейді.

- Алайда көшбасшыны тәрбиелеуді мақсат етіп қойғандықтан, баланы қоғамнан бөліп алуға тиіс емеспіз. Бізде әлеуметтік жобалар тәжірибесі бар. Оған оқушылар белгілі бір уақыттарын бөліп, бағаланады. Әлеуметтік тәжірибеге балалар үйлеріне көмек, экологиялық акциялар және т.б. жатады. Балалар еріктілер қозғалысына қосыла алады немесе өз идеяларын ұсына алады. Бз оларды міндетті түрде қарастырып, қолдау көрсетеміз. Өйткені, балалардың бастамасы біз үшін өте маңызды.

 

ГРАНТ БАЛАЛАРЫ

– Менің білуімше, зияткерлік мектебіне оқуға түсу оңай емес. Мұнда оқу үшін қандай емтихандар тапсыру керек?

– Біз 720 оқушыны қабылдай аламыз. Мектептің жобалық қуаттылығы осындай. Аудандардан келетін балаларға арналған 120 орындық интернат та бар. Оқыту 7-сыныптан бастап жүргізіледі. Демек, төменгі жастағы балалардың дайындалатын уақыты бар. Мұны тиянақты жасаған жөн: оқушыларды қабылдау Қазақстан Республикасы Бірінші президентінің «Өркен» білім беру грантын алған жағдайда ғана жүргізіледі. Конкурс екі кезеңнен тұрады: кешенді тестілеу және жазбаша емтихан. Тестілеу бейінді пәндер мен тілдер бойынша жүргізіледі. 7-8 сыныптарда оқу үшін математика, биология, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен емтихан тапсыру керек. 9-сыныпқа түсетіндер үш тілді игеру тестісін тапсырады, оған қоса химия мен биологиядан тестілеуден өтеді. Тестіде әр пәннен 15 сұрақ болады, бұған 112 минут бөлінеді. Емтиханның келесі кезеңіне өту үшін дұрыс жауап 40 пайыздан кем болмау керек. Екінші турда екі бейінді пән бойынша жазбаша емтихан өткізіледі. Оның әрбіреуі күрделі үш деңгейлі 5 тапсырмадан тұрады. Әр пәнді дайындауға 90 минут бөлінеді.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі: - Бекітілген форма бойынша конкурсқа қатысуға өтініш; - Бекітілген форма бойынша толтырылған сауалнама; - Туу туралы куәліктің немесе жеке бас куәлігінің көшірмесі; - 860/у формасындағы медициналық анықтама; - Тұрғылықты мекен-жайдан анықтама; - Басшының қолымен расталып, тиісті білім ұйымының мөрімен бекітілген үміткердің соңғы екі оқу жылындағы үлгерімі табелінің көшірмесі; - Үміткердің мақтау қағаздарының, дипломдарының,  сертификаттарының (бар болған жағдайда) ұйым мөрімен бекітілген көшірмелері - 3х4 фотосурет – 2 дана.

Бүкіл тестілер мен тапсырмалар мектеп бағдарламасының негізінде жасалады. Сұрақ кітапшалары Астанадан мөрленген күйде әкелінеді. Ешкімнің де емтихан басталғанша оларды ашуға құқысы жоқ. Грант конкурс нәтижелері бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған үміткерлерге нақты мектептер бойынша бөлінген гранттар шегінде тағайындалады. Конкурсқа қатысуға «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсын өткізу ережелерінің талаптарына сәйкес құжаттарын ұсынған, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарының 7-11 (12) сыныптарында оқуға үміткер және білім беру ұйымдарының оқушылары болып табылатын ҚР азаматтары жіберіледі. Биылғы оқу жылында конкурсқа 7-9 сынып оқушылары қатысатын болады.

Білім беру гранттарын тағайындау мәселесін білім және ғылым министрі төрағалық еткен республикалық комиссия шешеді. Оның құрамына білім беру министрлігінің қызметкерлері, мектеп, республикалық қоғамдық бірлестіктердің және т.б. өкілдері кіреді. Мектеп анағұрлым талантты балаларды таңдауға мүдделі болып отыр. Өйткені біздің жұмысымыздың нәтижесі жоғары болмақ.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

2160 рет қаралдыБасты бет

 

Тақырып бойынша жаңалықтар

Бірінші сыныптан бастап ғылыммен айналысамыз  150 рет қаралды

«Оқушылар тағамынан үнемдеуге болмайды»  427 рет қаралды

Балаңыз жасқа толса, жоғары білім жайлы ойлаңыз  294 рет қаралды

Алдағы оқу жылында бізді не күтіп тұр?  1201 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7 8
1 2 3 4