Атырау, 23 сәуір 13:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

АМӨЗ-ге айыппұл салынды

4 904 просмотра

Атырау мұнай өңдеу зауыты каналды бүлдіріп қоймай, оның айналасынан шұңқырлар қазып, оларға мұнай өнімдерінің қалдықтарын заңсыз төгіп отырған.

«АЖ» журналистері қазанның 14-і күні «АМӨЗ» ЖШС маңындағы 66-шы зонаға барар жолдағы мұнайға толған канал жайлы бірнеше рет жазған болатын («АЖ» № №42, №43 «АМӨЗ» каналды бүлдірді», «Зертхана бар, зерделі талдау жоқ»). Кейін «АМӨЗ» ЖШС-іне тексеру жүргізген экология инспекторлары каналдағы судың мұнай өнімдерінің қалдықтарымен ластанғанын анықтап, жалпы сомасы 54 116 135 теңгені құрайтын кінәрат тағып, айыппұл салды.

Қазанның 13-і мен 15-і күндері аралығында булану алаңына баратын технологиялық қолданудан тазартылып шыққан канал суынан химиялық талдау үшін зертханалық-талдауды бақылау бөлімінің мамандары сынама алған болатын. Осы кезде ҚР «Экологиялық Кодексі-нің» 69 бабы бойынша заң бұзушылық фактісі тіркелгендігі расталған. Жайық-Каспий экология Департаментінің баспасөз хатшысы Бауыржан СИСЕНОВ хабарлағандай, зауытқа ҚР ӘҚБК-нің 243-бабы бойынша 3 271 105 теңге әкімшілік айыппұл салынып, қоршаған ортаға келтірген залалы үшін құны 366 131 теңге кінәрат қойылды. Сондай-ақ, каналды үнемі таза ұстау керектігі жөнінде нұсқама берілді. Ал 29-қазанда осы каналдағы ақаба судың тазалығын қарау мақсатында қайтадан сынама алынып, зауыттан шығатын ақаба суда мұнай өнімдері шектеулі рауалды концентрациясынан аспайтындығы белгілі болған. Одан бөлек, аталған каналдың шығысында алаңы әртүрлі шамамен 8мх4м, тереңдігі – 70 см. болатын жеті шұңқыр (амбар) қазылып, ішіне жалпы салмағы 168,5 тонна мұнай өнім-дерінің қалдықтары төгіл-гендігі де айқындалып отыр. Бұл фактілер ҚР «Экологиялық Кодексінің» 217-бабындағы заң талаптарын бұзғанын дәлелдейді. Осыған сәйкес, ҚР ӘҚБК-нің 243-бабы басшылыққа алына отырып, АМӨЗ-ге құны 19 048 641 теңге айыппұл салынса, қоршаған ортаға келтірген залалы үшін 31 430 258 теңге кінәрат қойылды. Және осы жылдың аяғына дейін заңсыз мұнай өнімдерінің қалдықтары құ-йылған шұңқырлар тазартылсын деген нұсқама берілген.

Қазіргі кезде салынған айыппұл мен тағылған кінәраттар толықтай өндірілген.

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

2 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.