Атырау, 28 наурыз 20:59
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

«Махаббат кабаресі» қайталанбайды

4 327 просмотра

Құрманғазы атындағы мәдениет үйінің орыс халық театры барлық ғашықтар күнінің қарсаңында махаббат пен романтикаға толы нағыз мереке болады деп өз көрермендеріне уәде беріп отыр. Олар «Махаббат кабаресі» атты музыкалық шоу премьерасын дайындауда. «Махаббат кабаресінде» көрермендер алдында қандай махаббат көрініс табатындығы туралы шоудың қоюшы режиссері Павел СКЛЯРЕНКОМЕН әңгімелескен едік.

- Музыкалық шоу – күрделі жанр. Менің білуімше, жергілікті театр сахнасында бұл қойылым алғаш рет өткізілмек. Бұл шешімге қалай келдіңіз?

- Музыкалық қойылымға режиссер болуды көптен қалаған едім. Осы уақыт бойына не істеуге болатынын ойладым. Сөйтіп, «Махаббат кабаресі» дүниеге келді. Ол көптеген сюжеттерден тұрады. Әрбіреуі махаббат туралы жырлайды. Махаббат деген әртүрлі болады. Жүректі діріл қақтырған нәзік те, жалынымен күйдіретін де махаббат болады. Өз жолындағы бар нәрсені шайып жіберетін сарқыраған өзенді де махаббатпен теңестіруге болады. Тереңдігін өлшеуге болмайтындай, шеті мен шегі көрінбейтін, бірде буырқанса, бірде тына қалатын «түпсіз теңіз» секілді махаббат та бар. «Махаббат кабаресінің» әр хикаясы әнмен және бимен ашылады. Олардың кейбіреуінде ашық көріністер бар, алайда махаббат деген сырттай ғашық болу ғана емес қой.

- Қойылымға неше әртіс қатысады?

- Отыз шақты. Бұлар Мәдина НИТОКШИНА жетекшілік ететін «Камелия» халық ансамбілінің және Светлана КАРАКУЛИНА жетекшілік ететін «Шарм» шоу-балетінің қыздары. Мәдина мен Светлана менің музыкалық шоу туралы идеямды қолдап, қоюшы хореографтар ретінде оны жүзеге асыруға көмектесуде.

- Кез-келген шығармашылық адамы көрерменге өз ойын жеткізгісі келеді. Бұл жағдайда сіздің шығармашылық пайымыңыз қандай?

- Біріншіден, оқырманды сезім туралы ойға алуға мәжбүрлейді. Өзіңе сырт көзбен қарауыңа болады. Алайда ең үлкен қалауым – жұртшылықты қыстың сұрқай тіршілігінен алып шығу, себебі кейбір адамдардың жүрегіне қыс секілді салқындық орнап алған. Қойылымда кабаре сарынының әндері мен билері ғана емес, ашық түсті бояулар көп. Әртістердің костюмдері жеке көңіл аударуға әбден лайық. Осынау қымбат тұратын сән-салтанатты костюмдердің үлгісін кәсіби модельер жасап, тапсырыспен Мәскеуде тігілген. Жалпы, нағыз кабаренің романтика мен махаббатқа толы атмосферасын жеткізу үшін барлық күшімізді саламыз.

- «Махаббат кабаресі» сахнада тек бір рет қана көрсетілетіні рас па?

- Өкінішке орай, солай. Премьера 13-ші ақпанда сағат 18.00-де Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының сахнасында болады. Қайталанып қойылмайды. Сондықтан бәріңізді 13-де күтеміз.

- Сөз соңында оқырмандарымыздың атынан бір сұрақ қойғым келіп отыр. Орыс халық театрының көп жылдар бойы жинақталған репертуары бай. Жұртшылықты неліктен қойылымдарыңызбен сирек қуантасыздар?

- Ең алдымен дербес театр екендігімізді айта кеткім келеді. Үнемі ойнай алатындай біздің өз сахнамыз жоқ. Екіншіден, бұлар өздерін актерлық жағынан сынап көретін қарапайым адамдар. Олар үшін театр ақша төлейтін жұмыс емес, ең алдымен хоббилері және өз ойларын білдіру боп табылады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген В. Истомин

10 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.