Атырау, 29 наурыз 12:28
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Жоспар ма, жоғалу ма?-2

2 411 просмотра

21 қыркүйекте Қашаған кенішін игеру жөніндегі Солтүстік-Каспий жобасының операторы - NCOC (North Caspian Operating Company) компаниясының 2013 жылға арналған Табиғат қорғау шаралары жоспарының жұртшылық тыңдауы болып өтті. 2013 жылы осы Қашаған кенішінде мұнай өндіру жұмыстары басталмақ.

Тыңдау барысында жоспарды жүзеге асырумен Аджип ККО емес, NCPOC (NC Production Operations Company B.V.) компания-агенті айналысатыны белгілі болды. Бұл «ҚазМұнайГаз» бен «Шелл» компаниялының біріккен кәсіпорны. NCPOC құрылыс аяқталып, жоба іске қосылғаннан кейін өндірісті пайдалануға, инфрақұрылым мен әлеуметтік маңыздағы жобаларды жүзеге асыруға жауап беретін болады.

NCPOC өкілі Ник ТАНГНЕЙ компанияның 2013 жылы мұнай төгінділерін жою үшін кемелер мен жабдықтар сатып алатынын хабарлады. Алайда 2012 жылдың табиғат қорғау шараларының жоспары туралы тыңдаудан ерекшелігі Жоспар ма, жоғалу ма?» жарияланымын қараңыз) шығындар бойынша ешқандай цифрлар аталмады. Компания өкілдерінің түсіндіруінше, келер жылдың бюджеті әлі бекітіліп жатыр екен.

Тыңдау барысында жергілікті экологтарды төмендегі жайттар қызықтырды.

Аджип ККО тазартатын екі қондырғысы бола тұра, жабдықты гидротестілеу кезінде пайдаланылған суды неліктен «Вест-Дала» ЖШС-не тапсырған? Ал олар, экологтардың мәліметтерінше, суды пайдаға жаратудың орнына қалалық кәріз жүйесіне төгіп тастапты. Аджип ККО өкілі Игорь ЛУКАШОВ бұл талапты қабыл алмады. Оның айтуынша, әңгіме ластану мөлшері болмашы ғана азғантай көлем туралы болып отыр екен. Ал Аджип ККО қондырғылары қатты ластанған шаруашылық-тұрмыстық ағын сулардың көп көлеміне ғана арналған.

Экологтардың пікірінше, теңіз аралдарынан ластанған суды танкерлермен тасымалдау әдісі де қауіп төндіруі мүмкін. Олар су құбырын салу қауіпсіз болар еді деп есептейді.

Қатысушыларға Каспий итбалықтары мен құстарының популяциясын зерттеу жұмыстары жалғастырылып жатқаны жөнінде жан-жақты әңгімеледі. Алайда бекіре тұқымдас балықтардың ерекше популяциясының тағдыры туралы бірде-бір сөз айтылған жоқ.

Тыңдау барысында алдағы тестілеу сынағы кезеңінде, атап айтқанда, бұрғылау шламын кері айдау әдісін байқау кезінде теңіз айдынын рұқсатсыз ластағаны үшін жауапкершілік NCPOC компаниясына жүктелетіні белгілі болды.

Бұдан басқа, тыңдауға қатысушыларға қол қойылған меморандумға қарамастан, Қашаған жобасының операторы мен салынып жатқан Солтүстік-Каспий экологиялық әрекет ету базасының меншік иелерінің арасында келіссөздер әлі жүргізіліп жатқанын хабарлады. База мұнай компаниясына жабдықтар мен реагенттерді орналастыру үшін жалға беріледі деп жорамалданып отыр. Ал NCPOC өкілінің айтуынша, осы мақсат үшін компания өзіне уақытша алаңқай салып жатқан көрінеді.

2013 жылға арналған Табиғат қорғау шаралары жоспарымен www.ncoc.kz сайтынан толық танысуға болады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

25 қыркүйек 2012, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.