Атырау, 19 сәуір 18:23
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Миялы-Сағыз тас жолы келер жылы бітпек

12 829 просмотра

Қызылқоға ауданында газбен қоса жол жөндеу жұмысына биыл қыруар қаржы бөлінген болатын.

Миялы селосында айналмалы 4 км. жол күрделі жөндеуден өткен еді. Бірақ селода жөндеуге сұранып тұрған жолдар көп. Жаңа жолдар салу да кезек күттірмейтін міндет. Аудан орталығының шет жағындағы «Бәйсеу» деп аталатын учаскеде жиырмадан астам үй бар. Жерінің сайлы болуына байланысты төбелерде орналасқан үйлерге жету қар жауғанда қиындық келтіреді.

- Біздің жақтың ауа райы алабөтен құбылмалы ғой. Әсіресе, қыста қар жауғанда машина жолды бітеп тастайды, жаяу жүргіншінің өзі сайдағы омбы қардан өте алмайды. Бұл жас балалар мен қарттарға қиын. Ал жаңбыр жауса тез сіңіп кетеді, - дейді Роза есімді келіншек.

Биыл Атырау-Миялы-Индер жолын күрделі жөндеуден өткізу қолға алыныпты. Сағыздан бері сегіз шақырым жол жөндеуден өткен. Күрделі жөндеу ісі жалғасуда, келесі жылы аталмыш жол бітеді деген есеп бар.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

2 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.