Атырау, 19 сәуір 09:07
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Тағайындаулар

3 114 просмотра

Сот алқасының төрағасы ауысты

Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВТІҢ хабарлағанындай мемлекет басшысының 2012 жылдың 2 шілдесіндегі бұйрығына сәйкес азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы ауысты.

Облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы болып Әділхади Жұмабайұлы ШИҒАМБАЕВ тағайындалды.

44 жастағы Ә.Шиғамбаев бұған дейін Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының  төрағасы лауазымдық міндетін атқарды. Ол Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмәмдаған. Алматы қаласының Әуезов ауданының прокуратурасында жұмыс жасады, Алматы қаласы бойынша МТК басқармасында аға тергеуші және Ақтау қалалық сотында төраға, судья болды.

Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы болып жоғарыда аталған бұйрыққа сәйкес бұған дейін де осы лауазымдық міндетті атқарып келген Нұрғожа  Қыдырханұлы ЧИНЯЕВ тағайындалды.

62 жастағы Н.Чиняев 1974 жылы М.Горький атындағы Түркімен мемлекеттік университетін бітірген. Түркімен КСР-да түрлі сот инстанцияларында еңбек етті. ҚР Бас прокуратурасының басқарма бастығы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының облыстық сот төрағасы болды. Атырау облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы міндетін атқарып келді.

 

№2 қалалық сотта жаңа төраға

№2 Атырау қаласы  сотының төрағасы болып Айгүл ТӘШЕНОВА тағайындалды.

Ташенова Айгүл Қуанышқызы 1987 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады. Гурьев облыстық адвокаттар алқасында адвокат және Балықшы аудандық сотының халық судьясы болды. ҚР әділет министрлігінің соттар қызметін ұйымдастыру жөніндегі департаментінде басшылық лауазымдық міндеттерді атқарды. Астана қаласының №2 аудандық сотының төрағасы, судьясы, Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы, Атырау облыстық сотының кассациялық сот алқасының төрағасы болды.

Сәния ТОЙКЕН

11 шілде 2012, 21:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.