Атырау, 16 сәуір 22:10
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Балаларды өрт сөндіру сатысы арқылы алып шықты

Толықтырылды Сурет
5 973 просмотра

Бүгін, 20 шілдеде сағат 17.45-те ТЖД-не Молдағалиев көшесіндегі бес қабатты 30-үйдің 4-қабатындағы пәтердің бірі өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

ТЖД жасағы дереу оқиға орнына жетті. Өрт пәтер терезесінен жалындап шығып, үйдің төбесінде қою түтін будақтап жатты. Өрт болып жатқан және көрші пәтерлердің тұрғындарын, соның ішінде, балаларды өрт сөндіру сатысы арқылы қауіпсіз жерге алып шықты. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.       

Кейінірек біз ТЖД-дан комментарий алдық.

- Өртке қарсы күрес қызметінің пультіне хабарлама сағат 16.44-те келді. Сағат 19.17-де өрт тұйықталып, сағат 19.23-те толығымен сөндірілді. Алаң 15 шаршы метр құрады, - деп хабарлады ТЖД баспасөз хатшысы Жанар ҚАРЖАУБАЕВА. - Өрт сөндірушілер автосатының көмегімен көрші пәтерлерден 10 адамды құтқарып алды, оның ішінде 7-уі балалар. Өрт тұрмыстық заттардың тұтануы салдарынан болған. Оны сөндіруге және тұрғындарды құтқаруға жеке құрамның 11 қызметкері мен 4 бірлік техника жұмылдырылды.

Анастасия АЛЮШИНА

Куәгерлер жолдаған суреттер мен бейнежазба

20 шілде 2018, 20:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.