Атырау, 20 сәуір 07:20
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Оларға жарық пен бейнекамера керек

3 515 просмотра


«АЖ»-ға Атыраудың жаңа Тұлпар ықшамауданындағы №74 үй тұрғындары шағымданды. Олардың айтуынша, 2013 жылы үй пайдалануға берілгеннен кейін аула шамдарына бірнеше күнге ғана қосқан. Содан бері аула тас түнек болып тұр. Сондай-ақ, бақылау камералары да жоқ.

- Осыған қатысты қалалық әкімдікке хат жаздық, бірақ жауап ала алмадық, - дейді тұрғындар.


Қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Эдуард ОСПАНОВТЫҢ комментарийі:

- Біз жақында «Нұрсая» мен «Тұлпар» ықшамаудандарындағы аула шамдарына жүргізілген кабельдерді тексердік. Олардың көпшілігінің жарамсыз екені анықталды. Қазір кабельдерді ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр, жақын арада қосамыз.

Көп қабатты үйлердің аулалары мен подъездеріне бақылау камераларын орнатумен бүгінгі күні «Қазақтелеком» АҚ филиалы айналысуда.

- Камералар абоненттік төлеммен орнатылып жатыр және бірыңғай бейнебақылау желісіне қосылады, - деп хабарлады «Қазақтелеком» филиалында. – Абонент интернет арқылы нақты уақыт режимінде суреттер ала алады.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

21 шілде 2018, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.