Атырау, 20 сәуір 02:32
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Үй ішіндегі ессіздік

3 436 просмотра


Редакцияда шарылдаған телефон қоңырауынан кейін шұғыл деген шаруамды кейінге ысырып тастауға мәжбүр болдым. Тұтқаның ар жағынан «Көмектесіңдер! Өлтіретін болды!» деп, жанұшыра көмек сұраған айқайды естігенде, бәрін тастадым.

Сөйтсек, қоңырау соғушы 20 жыл бойы облыстық психоневрологиялық диспансерде психикалық ауруына байланысты есепте тұрған ұлдарымен бірге тұратын егде ерлі-зайыптылардың бұрынғы көршісі екен.

... Надежда Григорьевнаның (аты-жөні өзгертілді) пәтерінде ешқандай жиһаз жоқ, сервант сөрелері де бос тұр. Барлық заттарын зейнеткерлер есігіне қос құлып салынған бөлмеде сақтайды, оны да әлсін әлі ұлдары бұзып тастайды екен.

- Кейде вазаны алып, балконнан лақтырып жібереді, сөйтіп біреуді жазым қылады ғой. Атаңмен екеумізге қол көтереді, балға ала жүгіреді. Түн болса газды қосып, бізді улап тастауға тырысады, - дейді әже көз жасын жасырмай. – Оның өзі емес, бойындағы дерті екені түсінікті ғой, бірақ одан жеңіл болмай тұр. Облыстық психоневрологиялық диспансерде ұлым тек жылына 56 күн бола алады, ал қалған уақытта үйде қалады. Біз өмірден өтсек, оның жағдайы не болады деп қатты уайымдаймын. Ол мына күйінде кімге керек?

Махамбет ауданындағы Сарайшық психоневрологиялық интернаты - ақыл-ойы шектеулі және психиатриялық аурулары бар жандарды тұрақты негізде емдейтін өңіріміздегі жалғыз медициналық мекеме. Бес жыл бұрын Надежда Григорьевна ол жерге өтініш берген, бірақ ол жерде орын аз - кезекке 159 нөмірмен тіркеліпті. Бүгінгі таңда кезек 56-шы нөмірге жылжыған.

Облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Қуаныш НҰРМҰХАНОВ:

- Атырауда пациент үнемі емін алатын психиатриялық медициналық мекеме жоқ.

- Олай болса, ақылға қонымсыз әрекеттер жасайтын және жақын адамдары үшін қауіп төндіретін психикалық науқасы бар отбасылар не істейді?

- Біздің психоневрологиялық диспансерде ем алғаннан кейін пациентті үйіне жібереді, бірақ ол жерде де емі тоқтатылмауы тиіс. Пациенттердің аз бөлігі ғана өз еркімен қажетті препараттарды қабылдауға дайын, көбінесе қорқыныш маниясының салдарынан мұны жасаудан бас тартады. Әрине, бір үйде мұндай науқаспен бірге тұру қиын. Ондай адамды қаншалықты жақсы көрсеңіз де, қаншалықты қорғасаңыз да, оның басында не бар екенін ешқашан біле алмайсыз.

- Облыстық психоневрологиялық диспансер есебінде қанша адам тұр?

- Бұл мөлшер жыл сайын көбеюде, бүгінде – 5 мыңнан астам. 

Анастасия АЛЮШИНА

20 шілде 2018, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.