Атырау, 25 сәуір 13:29
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Патрик Чан: Дениспен бір мұз айдынын бөліскеніме қуаныштымын

1 389 просмотра


Қаралы хабарды естіген спортшылар Денис Теннің отбасы мен жақындарына көңіл айтып, ғұмыры қамшының сабындай қысқа болған бірегей азаматты еске алуда. Отандасымызбен жақын таныс болған әріптестері жеке парақшаларында жазбалар қалдыруда. 

Олардың қатарында әлемнің үш дүркін чемпионы канадалық Патрик Чан мен американдық мәнерлеп сырғанаушы Джереми Эбботт бар.

– Мен Дениспен бір мұз айдынын бөліскеніме өте қуаныштымын. Ол – біздің спорт түріне ерекше леп берген дарынды мәнерлеп сырғанаушының бірі. Оның жарқын бейнесі өмір бойы есімде сақталады, – деп жазған Чан. 

– Досым, сені қатты сағынатын боламыз. Қанша мәрте тырыссам да, сенің бойыңдағы қасиеттерді суреттейтін сөздерді таба алар емеспін, – деп американдық мәнерлеп сырғанаушы Джереми Эбботт инстаграм парақшасында жазған.

Дереккөз: 24.kz

20 шілде 2018, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.